Қазақстандағы банктердің несиелеу мен несие қызметі үшін процент алуына тыйым салынбақ, деді Әділет министрі Марат Бекетаев.
Оның сөзінше, жеке тұлғалардан қосымша комиссия алынбауы тиіс.
“Несие алушының қарызын жасанды жолмен көбейтудің алдын алу үшін ипотекалық несиелер бойынша төленбегеніне алты ай асқан жағдайда банк қарыз сомасына процент қосу тоқтатылады“, – деді Марат Бекетаев.
Сондай-ақ, заң жобасында мемлекет мұқтаждығы үшін жер телімдерін алу тәртібіне де өзгерістер енгізілмек.
“Мемлекеттік мұқтаждыққа байланысты үшін жер телімдерін алу жағдайында жердің нарықтық құнын төлеу, немесе басқа жер телімін беру ұсынылуда“, – деді министр.
https://kaz.365info.kz/khatynbyz-goj-khyzygasyn-da-kredit-alyp-palege-yryngan-khyz-304553