Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Көзіне шөп салмапты”. Әйелін пышақтап өлтірген азамат сот залында жылап жіберді

“Құлымбетов Азамат Тұрғымбековичке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99 бабының 1 бөлігінде көрсетілген  басты сот талқылауы ашық деп жарияланады”, – деді судья Айгүл Қасенова.

Ұзынағаш ауылының тұрғыны, 34 жасар Азамат Құлымбетовтің  фельдшерлік орта білімі бар екен. Алайда, марқұмның туыстары оны мамандығы бойынша ұзақ жұмыс істемеді, кейінгі жылдары тек әйелінің тапқанына қарап отырды дейді. Сот барысында еркектің араққа құмар екендігі әрі әйеліне бұрын да қол көтергені белгілі болды.

“Жанарға көрсетпегені жоқ, қолын да күйдірді. Соның бәрін біз естіп, біліп қойсақ мен кішкентай кезімнен әкесіз қалдым, сондықтан екі баламды әкесіз өсіргім келмейді, мейлі мен бәріне шыдаймын деп жүргендегі жағдай осындай болды”, – дейді марқұмның нағашы апайы Нұрғайша Малдыбаева.

https://kaz.365info.kz/ysterinen-tystim-goj-almatylykh-ajelin-ne-yshin-ajuandykhpen-oltirgenin-ajtty-video-276865

 

Ал қаңтардың бірі күні жастардың екі бөлмелі үй тұтастай өртеніп кеткен. Марқұмның туыстары өртті араққа сылқия тойып алған күйеу баласы жасады  деген ойда. Өрттен кейін жолдасының қорлығынан шаршаған Жанар ажырасуға бел буған. Әйелін пышақтағанда жаны ашымаған еркек судьяның мейірімінен үміт күтті ме, «ажырасқым келмеген» деп, көз жасына ерік берді.

“Мына туысқандардың бәріне звандадым, бәріне бардым. Болатхан аға бәріңіз үйде болдыңыздар мен барған кезде. Сіздер қызық көрдіңіз біреу ажырасып жатқанға. Қосыңыздаршы бізді деп, 13 жыл бірге тұрдық, болмайды ғой ажырасқанға деп. Мен қалай 13 жыл баққан балаларымды біреуге беріп қоям”, – дейді айыпталушы Азамат Құлымбетов.

Азамат Құлымбетов ауыр қылмысқа көзіне шөп салған әйелін қызғанғандықтан бардым деді. Алайда марқұммен бірге істеген әріптестері Жанардың  жуас, еңбекқор әрі  адал әйел болғанын айтып, марқұмның аруағын қорламауды сұрады.

Дереккөз: stan.kz

Мақала ВК-дағы “Атамның басы-ай” тобында талқыланып жатыр

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз