Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
4
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

“Көзіме шөп салғаны аздай…”. Әйелін аңдыған еркек 15 жылға сотталмақ

Шон The Sun басылымына берген сұхбатында жұбайының опасыздығына және ажырасудан кейінгі сәтсіздікке қатты қайғыратынын жеткізген. Оның өзі аз болғандай, енді ол түрмеден бір-ақ шығуы әбден ықтимал.

«Бұл жығылғанға жұдырық болды дегенге келеді» депті ол.

Шон жұбайын аңду үшін Find My iPhone бағдарламасын қолданған. Соның нәтижесінде ол Нэнсидің опасыздығы дәлелденген 2 қысқа видео түсіріп алған. Оның жұбайы ажырасуға өтініш беріп, биыл ақпан айында алтыжылдық неке бұзылған. Кейін анықталғандай, Нэнси тек ажырасумен шектеліп қана қоймаған. 20 шілде күні Шон Донис соттан қағаз алған. Ол заңсыз түрде аңдып, біреудің жеке өміріне қол сұққаны үшін айыпталып отыр.

Алданған күйеудің соты 20 қыркүйек күні өтеді, америкалық азамат 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Алайда, оның адвокаты Говард Гринберг Шонның толықтай ақталатынына сенімді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз