“Singer 2017” тележобасына қатысқан Қытай әншісі Димаш Құдайберген туралы өз ойын айтты.
Оның аты-жөні Джастин Ло, 1976 жылғы гонгконктық әнші. Димаш осы жобаның 5-турында панк болып Марс Бруноның әнін салғанда, әдемі билеп, қолдау көрсеткен еді. Келесі жолы мүмкіндік болса, мен де билеп, ән салмасам ба деп қалып еді сол кезде. Өкінішке қарай, Ло ондай мүмкіндік ала алмаған секілді.
“Singer” жобасында Сізді не тәнті етті, не таң қалдырды?
“Жобадағы кезімде мені таң қалдырғаны, әрине, ол – Димаш.
1 миллиард адам болса, оның ішінде тек Димаштың дауысы ерекше, ол жалғыз.
Ол қайталанбайтын дауыс, ондай дауыс ешкімде жоқ.
Мен оны ең бірінші рет көріп, ән салғанын естігінде абдырап, есім шығып қалды.Мен онымен мақтанамын, оның дауысына қатты тәнтімін”
деп жауап берді ол.
https://www.youtube.com/watch?v=YAXQqzP26IQ