Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Көз жасыңды төгуді доғар!..”. Айсәуле Бақытбекті той алдында жігіті тастап кеткен бе?..

Тек өзің адалдығыңды сақтап қал. Әлдекімге жағу үшін өз ұстанымдарыңды сатпа. Сен бәрінен артықсың. Жақындарың мұны міндетті түрде бағалайды», – деп жазды Баян Алагөзованың тұңғышы.

Алайда желі қолданушылары Айсәуленің екіұшты жазбасын түсінбей қалды. Олардың дені бойжеткен күйеу жігітімен «айырылысып кетті» деп топшылады.

 

https://kaz.365info.kz/zhasauyna-khosyp-beripti-ajsaule-bakhytbek-khymbat-kolik-mindi-foto-322526

«Сіз не туралы айтып отырсыз», «Сіздер айырылысып кеткен күннің өзінде, оның сізге тең емес екенін біліңіз. Ренжімеңіз. Сіз одан да жақсы адамға лайықсыз», «Не болып қалды?», «Күйеу жігітіңізбен айырылысып кеттіңіздер ме?», «Уайымдамаңыз, барлық қиындық өтіп кетеді»,

– деп жазды пікір қалдырушылар.

 

https://kaz.365info.kz/akemnin-zhokhtygy-zhanyma-batady-ajsaule-bakhytbektin-zhazbasy-zhyrtty-zhylatty-foto-276385

Естеріңізге сала кетсек, Айсәуле Бақытбек өзіне сөз салған жігітімен Америкада бірге тұрып та көрген. Бірақ 2 жылдан соң екеуі айырылсқан. Айсәуле мұны отбасылы өмірге дайын еместіктерімен түсіндірген. Алайда арада көп уақыт өтпей олар қайта қосылады. Биыл сол жігіті Шымбұлақ тау шаңғы курортында сүйіктісіне «Менің ханшайымым боласың ба?» деп ерекше ұсыныс жасаған еді. Артынша бойжеткен күйеу жігітін ресми түрде жақындарымен таныстырды. Одан соң Баян тойға дайындалып жатқандарын, тойға шақыратын адамдардың тізімін әзірлеуде екенін, той күзде болатынын айтып, парақшасында жазба қалдырған.

https://kaz.365info.kz/menin-erkegim-bayannyn-khyzy-ajsaule-de-oz-zhigitin-korsetti-259576

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз