Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Ковидті” оқу жылының негізгі сабақтары

Фото “АиФ”

Қазақстанда алғашқы локдаун енгізілген сәттен бері бір жыл өтті. Оқушылар мен студенттер қашықтан оқыту форматына көшірілді. Егер кейінірек кейбір университеттер аралас форматта оқуын қайта бастағанын, оқушылар саны 300-ге жетпейтін мектептердің ашылып, офлайн оқуға көшкенін және кезекші сыныптардың ашылғанын қоспағанда, “қашықтан оқыту” жыл бойы жалғастын сияқты. Бұл шешімдер оқушылардың ата-аналарынан түскен көптеген шағымдардан кейін қабылданды, олар мұғалімдердің орнына балаларын өздері оқытуға мәжбүр болғанын айтқан…

Ғаламтор қиындықтары

Депутат Ирина Смирнова білім берудегі “ковидтік” жылды қорытындылады.

– Биылғы жыл барлығына қиын болды, және де тек өзара әрекеттесу мен денсаулықты сақтау тұрғысынан ғана емес, білім беру де, білім алу да оңай болған жоқ.

Қазір ұсынылып отырған бағдарламаға байланысты қиындықтар туындады. Ол жеткілікті деңгейде күрделі және белгілі болғандай, қажет емес пәндер көп болып шықты

Білім беруге арналған ақпараттық алаң мүлдем дайын емес екені белгілі болды.

Ирина Смирнова, фото: total.kz

Ғаламтор желісінің жылдамдығы төмен болып шықты – белгілі болғаны,

цифрландыру бізге бұған дейін бірнеше рет мәлімдегендей, жақсы болмай шықты

Әсіресе, ауылдық аймақтарда, тіпті қаладан сәл алыстап шықсаң, ғаламтор желісімен қиындыққа тап болғаныңды түсінесің. Ал балалар іс жүзінде мүлде білім ала алмайды.

“Қашықтан оқытуға” жағдай жоқ

Сонымен қатар, біз

халықта балаларын онлайн-форматта оқыту үшін техника жетіспейтінін білдік. Көптеген отбасыларда компьютерлер, тіпті ескірген үлгілері де жоқ болып шықты.

Бүкіл отбасына бір ұялы телефон болған кездер де кездесті, өйткені оны сатып алу үшін ақша керек. Көп балалы отбасылардың балаларына да оқу қиын болды, оларда да көбінесе бүкіл отбасына бір компьютер немесе бір телефон ғана. Білім ала алмайтынын сезген балалардың қаншалықты уайымдағанын елестетудің өзі қиын. Білім алғысы келеді, бірақ мүмкіндігі жоқ… Сондықтан мен оқушы саны аз мектептерді (300 оқушыға дейін), олардың ішінде ауылдық мектептерді қалыпты режимде оқытуға көшіру дұрыс шешім деп санаймын, бірақ аралас оқыту форматында пәндердің бір бөлігі мектепте оқытылса, ал бір бөлігі үйде оқуға берілгені дұрыс, — дейді Смирнова.

Сыбайлас жемқорлық та қылаң берді

Оның байқауынша, көпшілік үшін оңайға түспеген осындай уақытта білім беру жүйесіне қатысы бар шенеуніктердің барлығы ақ ниетті, адал және шын мәнінде балаларға шынайы жанашыр бола қойған жоқ.

– Қазір алты облыстық білім басқармасында карантин кезеңінде аз қамтылған отбасыларға арналған компьютерлерді бюджет қаражатына сатып алу кезінде заңды бұзушылық орын алғаны анықталып, іс қарастырылуда.

Балаларға бөлінген ақшаны ұрлайтындай адамгершілік дәрежелері қандай болды екен?!

Бұл білім басқармаларының бұл қызметкерлері басқа да айла-шарғылар жасаған болуы мүмкін. Біз кімдер балалармен жұмыс істейтінін, мұғалімдерді басқаратынын және білім берудегі өзгерістерді енгізетінін мұқият зерттеуіміз керек. Олар елімізге пайда әкелуге дайын адамдар ма, әлде тек жеке басының пайдасын ойлай ма? “Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы” деген мақал осы жағдайды дәл көрсетеді”, — дейді депутат.

Мүмкіндігінше жол тапты…

Оның айтуынша, қашықтықтан оқыту мектеп сабақтарын өткізуге арналған дайын платформа жоқ екенін көрсетті.

– Біз тіпті пошта арқылы оқытуды ұйымдастыру амалдарын да көрдік! Онда

Тапсырмалар балаларға пошта арқылы жеткізілді, ал балалар сол поштамен мұғалімге орындаған жұмыстарын жібереді. Бұл бір ауылда болған жағдайда! Қазір көптеген мектептерде тапсырмаларды WhatsApp жібереді,

алайда бізге тапсырма жіберу үшін жеке бағдарламалар қолданылады деп мәлімдеуде.

Қазіргі таңда жекеменшік мектептер әлдеқайда сапалы білім беруде. Олар білім беруде қандай ресурстарды пайдаланған тиімді екенін тез түсінді. Сондықтан бүгінгі таңдағы мәселелердің бірі – жеке мектептердегі білім беруді қолдау. Қазір жан басына қаржыландыру мен қолдаудың арқасында көптеген жекеменшік мектептер бағаны төмендетті, – дейді Смирнова.

Ешкім шет қалмауы үшін

Қалыптасқан жағдай білім министрлігін жақында ғана қабылданған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын қайта қарауға мәжбүр етті.

– Министрлік қазір бүкіл қауымдастықты ұлттық білім беру жобасын жазуға қатысуға шақырды. Қазір ведомство жобаны қаражатпен қамтамасыз етуге тырысуда. Болашақта коронавируске қатысты қандай жағдай болатынын болжай алмаймыз. Сондықтан, қазірдің өзінде әр балада білім ала алатында өте икемді шаралар қабылдау қажет.

Мектепке барып оқу мүмкіндігі пайда болған кезде, балалардың барлығы мектепке баруға келісе қоймай ма деп қорқамын. Кейбіреулер қазірдің өзінде оқуға кірісті, бірақ қажетті білім ала алмауда

Ал егер мектептер ашылған жағдайда, кейбір оқушылар өздерінің қатарластарынан артта қалғанын сезгендіктен мектепке барғылары келмеуі мүмкін. Сондықтан біз өткен,  “ковидке дейінгі” уақытта да тұрмыс жағдайы төмен болған балаларға баса назар аударуымыз керек. Мұндай оқушылар шамамен 20%-дай болған.

Біз білетіндей,

біздің елімізде миллиондаған тұрмысы төмен бала бар. Олар бүгінде қайда, білім алып жатыр ма, компьютерлері бар ма? Біз әр балаға көмектесуіміз керек

Бұрын жалпыға міндетті білім беру қоры арқылы аз қамтылған отбасының балалары күніне кемінде бір рет тегін тамақтану мүмкіндігіне ие болатын. Бүгінде олар қайдан тамақтанады? Қазір мұндай отбасылардың жағдайы жақсарды деп ойламаймын. Сондықтан бұл мәселелерді бәріміз бірге шешуіміз керек, – дейді Ирина Смирнова.

Әлеуметтік байланысын жоғалтты

ҚазҰУ әлеуметтанушысы және оқытушысы Айжан Шабденова атап өткендей, студенттерді онлайн-форматта оқытуға келетін болсақ, олардың кейбіреулері осы кезең ішінде оқуға аз тартылған.

— Өз байқағаныма сәйкес айтатын болсам, әлі күнге дейін тырысып, жақсы нәтиже көрсетіп жүргендер көп деп айта аламын. Мектеп оқушыларына қатысты айтсам, менің ойымша, олар неғұрлым есейген болса, оларды оқуға ынталандыру әлдеқайда оңайырақ болады.

Айжан Шабденова

Қашықтықтан оқыту форматының кемшіліктері ретінде әлеуметтік байланыстың жоқтығын атап өткім келеді. Әдетте, мұғалім мен балалар арасында, сондай-ақ балалардың өздері арасында орнайтын эмоционалды байланыс жоқ.

Бала сыныпта болған кезде, ол басқалардың қалай оқитынын бақылайды, кей кездері өзі алға ұмтылады, жақсы оқуға деген ынтасы оянады

Әрине, бұл барлық балаларда байқалмайды, бірақ мектепте олар тек сабақ қана оқымайды, өмір сүруді де үйренеді. Алайда біз балалардың өмірін белгілі бір сатыдан айырып, оларды бір жылға әлеуметтенуден жәнеәлеуметтік өзара әрекеттесуден алшақ қылдық, — деп қорытындылады Шабденова.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз