Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
15
USD
482
0.00
EUR
532
0.00
RUB
5.07
0.00

“Көтерілген доллар бағасы қайтадан түспейді”. Ұлттық банк теңгенің неге құнсызданғанын түсіндірді

111

ҚР Ұлттық банктің Монетарлық операциялар департаментінің директоры Әлия Молдабекованың айтуынша, соңғы апталарда мұнай бағасының барреліне 46 доллар, тіпті, одан да арзандай түсуі нарықтағы ұсыныстың артуына байланысты. Атап айтқанда, Ливиядағы мұнай өндірісінің ұлғаюы және АҚШ-тағы тақтатас мұнай өндірісінің өсуі туралы жаңалық нарықтағы ұсынысты төмендетіп жіберген.

«Нарықтағы болжам бойынша, ұсыныстың артық болуы ұзақ сақталады. Осылайша, ОПЕК келісімінің тиімділігі барынша күмән тудырады», – деп атап өтті Әлия Молдабекова.

Демек, бүгін-ертең мұнайдың құлдыраған бағасы басын көтеруі екіталай.

https://kaz.365info.kz/bir-apta-ishinde-dollar-20-tengege-khymbattady-268114

Міне, мұнай бағасындағы осындай елеулі өзгеріс Қазақстан теңгесінің айырбас бағамына да әсер етуде. Алайда Қазақстанның ғана емес, экономикасы ұқсас елдердің де ұлттық валютасы әлсіреп жатқанын баса айта кетелік.

Бүгін Алматыдағы ақша айырбас пункттерінде 1 АҚШ доллары 327 теңгеден сатып алынып, 328-330 теңгеден сатылып жатыр.

Өткен жұмадан бастап, теңге 3 процент, Ресей рублі 4 процент, Канада доллары 0,6 процент, Бразилия реалы 1,1 процент, Норвегия кронасы 1,4 процент құнсызданыпты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз