Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Көшербаев Қазақстан-Корей орталығымен әріптестік туралы меморандумға қол қойды

Бұл туралы Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында ауыл шаруашылығын дамыту, Қызылорда қаласындағы жаңа әуежайдың жайы және Сырдария өзенінің сол жағалауындағы құрылыс мәселелері бойынша жобалар талқыланды.

Аймақ басшысы Ву ханымға ынтымақтастықтың әлеуетті салалары мен инвесторларға берілетін преференциялар туралы айтып берді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

19 ақпан күні Қазақстан-Корей орталығының өкілдері Жаңақорған ауданының аграрлық өнеркәсібімен, өңірлік кәсіпкерлер палатасының қызметімен және «Жан-Арай Жем» ЖШС зауытының жұмысымен танысып, аймақтағы кәріс диаспорасымен кездесті.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз