Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Көрсете беру-дұрыс емес”. Серік Ибрагимов келіншегін жұрттан неге жасырып жүр?

“Әйеліңді көрсете беру де дұрыс емес деп ойлаймын. Мысалы, мен 1-2 рет әлеуметтік желіде үйлендім, келіншегім, жарым осы деп салдым. Жиі-жиі сала бермеу керек деп ойлаймын, жеке өмір мен шығармашылықты араластырмау керек. Сондықтан менен сұрап жатса, әрине үйлендім деп айтамын. Алладан жасырмағанды, адамнан да жасыра алмаймыз. Сондықтан ол жағынан өзіме өзім жауап бере аламын, қалғандары өздері біледі”, – деп түсіндірді Ибрагимов.

https://kaz.365info.kz/ajnyr-tyrsynbaeva-akter-sayat-esenbaev-ekeui-turaly-bar-shyndykhty-ajtyp-berdi-279459

Өз кезегінде әнші жігіт неке жүзігін саусағынан тастамайтынын мойындады. Серіктің айтуынша, неке жүзігіне атүсті қарауға болмайды. Оны бір таққан адам жауапкершілікті сезінуі тиіс дейді ол.

“Неке жүзігін әрі қарай да таға беретін шығармын, Алла ғұмыр берсе. Неке жүзігін жайдан жай тақпаймын, мұның да артында бір жауапкершілік. Адам басқаша қарайды, басқаша ойлайды. Сондықтан бір жағынан жақсы ғой. Менікі күміс, еркектерге болады”, – деп түйіндеді сөзін Серік.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз