Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Коронавирустан обаға дейін: тарихтағы ең қауіпті індеттер

752

Бұл адамзаттың уақытын, ақшасы мен өмірін алған жалғыз ауру\індет емес. Тарихқа көз жүгіртсек бұрында жер жүзіне бұндай пандемия болған. Назарларыңызға ең қауіпті және танымал індеттер туралы ақпаратты ұсынып отырмыз.

2009: шошқа тұмауы

2009 жылы таралған пандемия 285 мыңнан 580 мыңға дейінгі адамдардың өмірін алып кетті деген болжам жасалды.

Шошқа тұмауы 1918 жылы таралған  испанка індетінің H1N1 штамының бір түрі. Бұл ауруды әлем халқының кем дегенде 20%-ы жұқтырды. Құрама Штаттарда 3 мың адам қаза болды. Ол туралы кейінірек айтамыз.

Бұл штамның басқа мутациялары 1958 және 1968 жылдары көптеген адамның өмірін әкетті.

 Юстиниан обасы

Осыдан бір жарым мың жыл бұрын оба жер шарындағы халықтың (әрине сол уақыттағы) төрттен бір бөлігін жалмаған еді. Ол екі жүз жыл бойы Еуропаның аумағына қаһарын төгіп, күн сайын 10 мың адамды өлтірген.

ВИЧ/СПИД

Біз маска сатып алып, үйден шығудан қорқамыз. Ал қорғалмаған жыныстық қатынасқа түсуден қорықпаймыз. Қарап тұрсақ, СПИД-тің кесірінен 35 млн адам қаза болған жоқ па?

Алғашқы клиникалық есеп салыстырмалы түрде жақында, 1981 жылы жасалды. Келесі жылдың аяғына дейін олардың саны 771-ге үлғайды.

Бірақ қазіргі таңда бұл ауруды 30 млн адам жұқтырған. Тарихта екі адам ғана ВИЧ-тен емделген.

1918: испан тұмауы

1918 жыл. Әлем Ұлы Отан соғысынан кейін енді іс жиып жатқан кезде бұл індет пайда болды.  Вирус Жер шары бойынша 500 млн адамға жұққан.  Ажал құшқандардың саны 100 млн адамға дейін жетеді.

1919-1920 жылдары мектептер мен театрларды жауып, мәйітхана ретінде пайдаланған.

Алайда вирус қалай пайда болса, солай жақын арада жойылып кетті. Біреулердің болжамынша, ол түрін өзгертіп, әлсіздеу түрде қайта пайда болды.

«Қара ажал»

Тарихтағы ең кең тараған пандемия миллиондаған адамдардың (200 млнға дейін) өмірін алды.

Триахшылар аурудың Қытайдан тарағанына сенімді. Вирус Жібек жолы арқылы Қырым әкелініп, ары қарай Европаға тараған.

Ол уақытта (1300 жылдары) жер халқының саны 475 млн болған. Осы обадан кейін халықтың санын көбейтү үшін екі жүзжылдық қажет болды.

Еуропада ХІХ ғасырға дейін  «қара ажал» індеті таралды. АҚШ-та — 1908 жылға дейін, әлемде —  2017 жылға дейін ауру белгілері байқалды. Бұл індеттен соңғы рет Мадагаскар жапа шекті, онда 170 адам қайтыс болды.

Оспа

Біздің тізіміміздегі бүгінгі күнде түбегейлі жойылған жалғыз ауру. Алайда оны жойғанға дейін, ХХ ғасырда ол 300 млн адамның өмірін алған.

Вирустың көнелігі соншалық, оның іздері египеттегі мумиялардан да анықталған. XVIII  ғасырға дейін күн сайын 400 мың еуропалық осы аурудың кесірінен көз жұмған. Халықтың көбі соқыр немесе сырт келбеті сұрықсыз болып қалған.

Сондай-ақ, әлемде шешек алғашқы биологиялық қару ретінде қолданылған. Ұлыбритания оны француздарға және де америкалық үндістерге қарсы қолданған. Олар өздерінің қарсыластарына аурулар жатқан клиникалардан алынған бет орамалдар мен төсек жапқыштар сыйлаған.

Эбола

Эбола ауруын жұқтырған 13 мың адам қаза болған. Бұл тарихта тіркелген  бүгінгі күнге дейін соңғы пандемия.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз