Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-7
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Коронавируспен күресте дәрігерлердің күші сарқылуға жақын — медбикенің оқиғасы

327

Ресми деректер бойынша, Бразилияда 300 мыңнан астам адам вирус жұқтырған, 20 мыңнан астамы қаза тапты.

Елдің ең ірі қаласы және Сан-Паулу штаты өлім-жітім көрсеткіші бойынша алда тұр.  Бүгінде жалпы штат бойынша вирус жұқтырғарн 20 047 адамның 5 558-і қаза тапты. Өлім-жітім 7,5% құрайды.

Екінші орында Рио-де-Жанейро, қаза болғандар саны  3 412-ге жетті, өлім-10,6%.

Жедел жәрдем

Сан-Паулу қаласының тұрғыны, 40 жастағы медбике Патриция Моура да Силва медицина саласында 18 жыл бойы жұмыс атқарып келеді. Оның ішінде он жылын Бразилиядағы медициналық қызмет көрсететін SAMU орталығында жұмыс істеді. Орталық барлық ауыр және төтенше жағдайлардағы шақыртуларға қызмет көрсетеді.

 

Патриция жедел жәрдем қызметіне дейін медициналық клиникада, интенсивті терапия бөлімінде жұмыс істеді. Ол  шұғыл жәрдем көрсететін хирургиялық орталық маманы.

— Пандемия біз үшін күтпеген жайт. Дайын болмағандықтан сол сәтте қолымызда барды пайдалынып, жағдайға бейімделуіміз керек еді. Негізгі заттар бетперде, қолғап, қорғаныс костьюмдері жетіспеді. Елде бұндай медициналық ресурстар болған жоқ, бұл жағынан Қытайға тәуелдіміз.

Бразилиялық медбикенің айтуынша, коронавирус — бұл көзге көрінбейтін ауыр жау. Оның алдында сенімсіздік танытып, өзін тұтқын секілді сезінеді.

Медицналық қызметкерлердің күші сарқылуға жақын

— Қазірде COVID-19-бен күресіп жатқан медициналық қызметкерлердің күйзелісте жүргенін байқаймын. Олар адамдардың өміріне жауапты. Екіншіден, өздеріне де вирус жұқтырып алу қаупі төніп тұр. Мен жұмыс істейтін жедел жәрдем клиникасында, соңғы екі айда кадр тұрақсыздығы өте жоғары болды. Көптеген дәрігерлер мен медбикелердың күші сарқылып, уайым басты, күйзеліске түсті.

Жақында Патриция вирусқа тест тапсырды, енді нәтижесін күтуде. Өзінің алаңдаулы екенін айтты. Егер вирус жұқтырған болсам, қажетті препараттар мен респираторлар жеткілікті болмауы мүмкін дейді.

Ал ол тезірек балаларын көріп, оларды құшағына алғысы келеді, үйде егіздері қалды. Оларға вирус жұқтырып алам ба деп қорқады. «Олар менің ең үлкен махаббатым, —  дейді Патрициия. — Оларды көрмегеніме де көп болды, бұл өте қиын жағдай ».

— Бүкіл әлемдегі медбикелер күн сайын өмір үшін күреске түсуде

Ал Бразилияда оларыдң жалақысын толық төлемеуде, бұл сұмдық нәрсе. Сондықтан көбі бірмезгілде бірнеше жерде жұмыс істейді. Мен SAMU қызметі арқылы әр түнде түрлі клиникаларда жұмыс істеймін. Жұмыс кестесі 36-да 12, яғни тәулігіне 12 сағат.

Дәрігерлерге психологиялық қолдау көрсету

— Жұмыста ешқандай психологиялық қолдау көрсетілмейді. Тек осы аптада ғана психологтар дәрігерлер бригадасына дәрістер оқитын болды. Олар сұрақтар қойып, біздің нені уайымдайтынымызды білгісі келеді.

Ал бразилиялық қоғамда бұрындары болмаған әлеуметтік оқшаулану әдеті қалыптасты. Патрицияның пікірінше, біраз уақыт бойы үлкен мерекелерді, әсіресе танымал карнавалдарды өткізуден бас тарту қажет. Себебі көптеген шетелдік турист, бразилиялықтардың өздері де сол мерекеде вирус жұқтырды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз