Алматының Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин вирус жұқтырғандардың санының артуынан қорықпаңыздар дейді.
Барлық ошақ оқшауланды, соның ішінде Қалалық орталық клиникалық аурухана да бар.
Дәрігерлер халықтың түрлі топтарына тестілеу өткізе бастады. Соның ішінде бірінші кезекте:
Күнделікті 3 мың адамнан тест алуды міндеті қойылды.
Қазір 6 зертхана жұмыс істейді — олар тәулігіне 2 мыңнан астам тест өткізеді. Жақында тағы екі жоба іске қосылады.
10 медициналық бригада талдауларды іріктеумен айналысады.
— Бұл болашақта жаппай жұқтыру ошақтарын бақылауға, аса қауіпті симптомсыз жағдайларды анықтауға мүмкіндік береді.
Алматыда төмендегі мекенжайлар бойынша коронавирусқа тест тапсыруға болады:
Талдау құны-11,5 мың теңге. Пациенттің жағдайы ауыр болса талдау тегін жүргізіледі.