Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
4
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Коронавирусқа қарсы вакцинация: дәрігер қандай жағдайларда салуға болмайтынын айтты

Спикердің айтуынша, COVID-19 вакцинациясына қарсы көрсетілімдер:

жоғары температураның болуы, жұқпалы аурудың өткір фазалары, аутоиммундық аурулар, 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер, жүктілік, бала емізетін аналар. Осы кезеңдерде вакцинация жүргізілмейді.

“Іс жүзінде вакцинация — бұл қарапайым процесс. Менің ойымша, алаңдаудың, қорқудың қажеті жоқ. Әдетте дәрігерлер вакцинациядан кейін ыстығы көтерілсе парацетамол сияқты препараттар тағайындайды. Бірақ бәрібір, вакцинациядан бұрын дәрігермен кеңесуді ұсынамын. Себебі кейбір препараттарды вакцинация жасау кезінде ішуге болмайды. Вакцина алудан бұрын дәрі-дәрмектер ішуге болмайды”, – деді ол.

Сондай-ақ, оның айтуынша, КВИ-ге қарсы вакцина алардың алдында алкоголь ішуге және гормоналды препараттар қолдануға болмайды.

“Егер сіз қазіргі уақытта осы дәрі-дәрмектерді қолданып жүрген болсаңыз, вакцинаны енгізбес бұрын дәрігермен кеңесу керек. Бұл вакцинацияға қарсы көрсетілімдердің бірі… Егер бұрын гормоналды препараттар ішкен болсаңыз, онда қандай ауруға байланысты қолданған едіңіз, бәрі жеке-жеке қаралады. Толық ақпарат алдым деген келісімнен кейін және созылмалы, қатар жүретін аурулардың болуына сауалнама толтырылғаннан кейін ғана вакцинация рәсімі жүргізіледі”, – деп қосты ол.

Сонымен қатар, дәрігер вакцинаны қабылдаған жерді суламауға, вакцинаны енгізгеннен кейін екі-үш күн ваннаға түспеуге кеңес береді. Егер сізде қандай да бір реакция болса, онда вакцинация жүргізілген емханаға дереу хабарлауыңыз қажет. Дәрігер вакцинациядан кейін жұмысқа баруға болатындығын да түсіндірді.

“Егер сізде клиникалық белгілер пайда болса, мысалы ыстығыңыз көтерілсе, онда үйде қалып, дәрігермен кеңесуіңіз керек. Әдетте екі аптаға карантинге жіберілмейді”, – деді спикер.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз