Нұр-Сұлтан
Қазір
28
Ертең
26
USD
410
+0.79
EUR
463
+0.97
RUB
5.75
+0.08

Коронавирус жаңа «қырғи-қабақ соғыстың» басталуына себеп болуы мүмкін — Сұлтанов

848
Сурет: uzreport.news

Пандемияның салдарын біздің ұрпақтарымыз да көруі мүмкін

— Кейбір сарапшылар қазірдің өзінде пандемияның салдары туралы адам шошырлық болжамдар жасауда? Бұлар қаншалықты шындыққа жанасады?

— Әлем шын мәнінде қиын кезеңді бастан кешуде. Пандемия көптеген елдің қоғамдық және экономикалық өмірін тежеп, бүкіл әлем бойынша экономикалық белсенділік төмендеді. Әлемдік ЖІӨ 2020 жылы 2%-дан да төмендеуі мүмкін. Ал  АҚШ пен Еуроаймақтағы ЖІӨ тиісінше 3,3% және 4,2%-ға төмендейді. Қытай экономикасының өсуі 2%-дан кем деңгейде болады деп күтіледі.

Америкалық дипломатияның Патриархы Генри Киссинджер коронавирустан кейін әлем ешқашан бұрынғыдай болмайды деп есептейді. Туындаған саяси және экономикалық күйзелістер бірнеше ұрпақ бойы жалғасуы мүмкін. Бұл жағдайда бірде-бір ел вирусты өз бетінше жеңе алмайды.

15 сәуірдегі жағдай бойынша вирус жұқтырғандар саны 2 млн адамнан асты, ал қайтыс болғандар саны 130 мыңға жетті. Бұл жағдайда әлемдегі саналы саясаткерлер пандемияға тиімді қарсы тұру үшін бүкіл халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіру керек екенін түсініп отыр.

АҚШ әлем бойынша көшбасшы болып тұр. 15 сәуірдегі жағдай бойынша

600 мыңнан астам адам вирус жұқтырған, 28 мыңнан астам адам көз жұмды

Коронавирустан зардап шеккен елдер  тобына (15.04. жағдай бойынша) Батыс Еуропаның жетекші елдері кірді:

  • Испания: ауырғандар — 177 644; қайтыс болғандар — 18 708;
  • Италия: ауырғандар — 165 155; қайтыс болғандар — 21 645;
  • Франция: ауырғандар — 134 582; қайтыс болғандар — 17 188;
  • Ұлыбритания-ауырғандар — 99 483; қайтыс болғандар — 12 894;
  • Германия: сырқаттанғандар — 134 753; қайтыс болғандар — 3 804.

Бұл елдерде ауырғандар мен қайтыс болғандар саны Қытайдағы ұқсас көрсеткіштерден асып түсті (15.04.жағдай бойынша). Онда 83 мыңнан астам адам індет жұқтырса, 3 346 адам көз жұмды. РФ-да тиісінше 24,5 мың және 198. Бұл деректерді Джонс Хопкинс университеті дайындады.

«Араб көктемінің» әсері ме?

Ол нені көрсетіп отыр? Инфекция Оңтүстік Еуропа мемлекеттерін жаулады.

Бұл елдер арқылы «араб көктемінен» жапа шеккен адамдар, Таяу шығыс елдері тұрғындары миграциясының негізгі бөлігі өтеді

Осыдан бірнеше жыл бұрын төңкерістің сырттан келгенінің нәтижесінде Тунисте, Египетте, Ливияда, Йеменде, Иракта заңды тәртіптер жойылды. 2012 жылдың 15 наурызында Сирияда азаматтық соғыс басталды. Ол қазіргі кезде де жалғасуда, жүздеген мың адам өмірін алып кетті.

Таяу Шығыс елдерінде «диктаторлық» режимдерді жойылуы мен демократияның айқын жеңіснің орнына біз осы аймақта:

  • 500 мыңнан астам бейбіт азаматтардың қазақ тапқанын, миллиондаған босқындарды;
  • мұсылман мемлекеттерінің бірігуіне үміттің ақталмағанын;
  • сунниттер және шиитердің арасындағы бітпес дауды;
  • әлемдік дін ретіндегі исламның беделіне нұқсан келгенін көріп отырмыз

Трамп Пекинді кінәләп отыр

— Кінәліні тапты ма?

— Қытай мен Ресейдің “аузы жесе де қан, жемесе де қан”. Трамп әкімшілігі пенкиндік көшбасшыларды вирустың ауқымдылығын әдейі жасырып қалды деп кінәліп отыр. Сондай-ақ қаза болғандардың саны туралы деректерді айтпады деп айыптауда.

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Помпео халықаралық алаңдарда «уханьдық вирус» деген тіркесті қолданудан жалығар емес. Ал

Трамп «қытайлық» немесе «уханьдық» коронавирус дегені үшін нәсілшіл деген айыптауға ілікті

ДДҰ Ақ үйдің мұндай әрекеттерін қолдамады, ақпан айында коронавирустың жаңа түрі COVID-19 деп аталады деп жариялады. Сонымен қатар, ДДҰ ғалымдар мен журналистерге өз материалдарында Жаңа вирусты Ухан мен Қытаймен байланыстырудың қате екенін үнемі еске салды.

ДДҰ-ның материалдарында: Бүкіл әлем елдері коронавируспен күрескен кезде,  COVID-19-дың бір ошақ орнымен байланыстырған тұжырымдар

азиялық  адамдарға қарсы ұлтшылдық пен нәсілшілдік шабуылдардың өсуіне әкелуі мүмкін деген ақпарат болды.

Трамптың әрекеті АҚШ халқының сынына ұшырады. Америкалық Конгресс өкілдері Палатасының спикері Нэнси Пелоси оны дағдарысқа кінәлі деп таныды.

Пелоси  қаңтар айында Трампқа пандемия туралы ескерту жасалғанын атап өтті, алайда

президент бұл ескертулерді елемеді, өз жақтаушыларына пандемия-бұл алаяқтық деп мәлімдеді

Жанжалға бізді де тартуы мүмкін бе?

— Батыстық қоғамда бұған қалай қарайды?

—Ақ үйдің Қытайдың атына  білдірген негізсіз айыптауын көптеген американдықтар қолдады. АҚШ-тың бірнеше мың азаматы Флоридадағы сотқа берілген ұжымдық талап-арызға қосылды. Оның авторлары

Қытай үкіметінен COVID-19-дан келген шығын үшін өтемақы талап етеді

Арызданушылар бүкіл әлем бойынша коронавирустың таралуына жол берген Пекиннің салғырттығынан үлкен шығынға ұшырағанын айтады. Мұндай топтық талаптар Невада мен Техаста да сотқа берілген. «Генри Джексон қоғамы» Британдық талдау орталығының есептеуінше, АҚШ-тың Қытайға коронавирустан келген шығын үшін берілген әлеуетті талап-арызы 1,2 триллион долларды құрауы мүмкін.

АҚШ пен ҚХР арасында үнемі

вирус қайдан тарала бастады: Қытайдан ба әлде Құрама Штаттардан ба

деген тақырыпқа қатысты «коронавирустық жанжалдар» пайда болады.

Америкалық және қытайлық пікірді жақтасушылар уақыт өткен сайын жаңа дәлелдерді табуда.

Осындай конспирологиялық нұсқаларға Қазақстан да тартылуы мүмкін екендігін жоққа шығармаймын. Тәуелсіз БАҚ мәліметтері бойынша, бізде Алматыда 2016 жылы Пентагон салған орталық референс-зертхана орналасқан.

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтанда халықаралық ғылыми-техникалық орталық жұмыс істейді, НАТО үкіметі оның бюджетінің  95%-ын қаржыландырады. АҚШ сарапшылары Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ҒЗИ (Гвардейский кенті), Ұлттық биотехнология орталығы, Ветеринария бойынша Референс-орталықты қоса алғанда, Қазақстанның тағы бес ғылыми орталығында ғылыми зерттеулерді жүзеге асырады.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз