Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Коронавирус туралы қауесеттер: қазақстандықтар неліктен оларға сенеді?

224

Коронавирус пандемиясы қазақстандықтарды екі лагерьге бөлді. Көпшілігі карантиндік шаралардың қатері мен негізділігін түсіне отырып, ресми ақпаратқа сенеді. Бірақ кейбіреулері басқалардың ойдан шығарған, шындыққа жанаспайтын  теорияларына сенуге бейім. Олар вирус жоқ деп есептейді! Мұндай сипаттағы ақпарат күн сайын мессенджерлерге жіберіледі. Пиар-технология бойынша сарапшы Ерлан Асқарбековтың айтуынша,

қазақстандықтардың 30% астамы коронавирус жоқ деген пікірге сенеді

Бұл туралы Facebook желісіндегі «Астана – Что? Где? Когда?» атты ірі топта жүргізілген сауалнаманың барысында белгілі болды. Біз оның пікірін біліп, халықтың кереғар гипотезаларға сенуінің себебі туралы сұрауды жөн көрдік.

Халықтың көзқарасы

— Қалай ойлайсыз, неліктен біздің халық астыртын теорияларға сенуге құмар?

— Халық арасында мұны  ұзын құлақ арқылы тараған әңгіме дейді. Шетелдік тарихшылар мен саяхатшылардың сансыз зерттеулерінде

біздің тым қызыққұмар және өсекке сенгіштігімізбен белгілі болғанбыз

Біз ауыздан-ауызға берілетін мәдениеттің өкіліміз. Жазу бізді аса қызықтырмайды. Ешкім статистиканы оқымайды, әлеуметтік есептерге тіпті мән бермейміз, инфографика да бізді жалықтырып жібереді. Алайда

өсек, қауесет, кімнің жазғаны белгісіз жалған әңгімелерге жан-тәнімізбен сенеміз

Адамдар жалған әңгімені алғаннан кейін оны өшіріп тастамайды, міндетті түрде оны ары қарай басқаларға таратады. Қазақстандықтар қанша рет өздерін ақымақ қылған  істеріне өкінсе де, одан сабақ алғысы келмейді. Өткен

қыста ғана мыңдаған адамдар қаржылық «пирамиданың» арбауына түсіп, аһ ұрып еді, енді барлық ісін шегеріп қойып, зімбір сатып алуға барды. Бұл ақымақтардың қылығы.

Біздің халық ойлана ма? Өз істеріне есеп бере ме? Әрине, жоқ.

Ақпараттық шу барлығын басып тастайды

— Бұл бұрыннан бар ма, әлде цифрлық дәуірде ушығып кетті ме?

—Смартфондардың көбеюі барлығын ушықтырып жіберді.

Пандемияға қарағанда 24/7 режимінде смартфон арқылы жазу жазып тарататын ақымақ-грамафондар қауіптірек

Олар елді дүрліктіріп:

  • ДДСҰ-дан,
  • үкіметтен,
  • жедел штабтардан келетін ақпараттарды басып тастайды.

Биліктің қолынан бір айтқанды сан рет қайталаудан басқа ешнәрсе келмейді.

Білім беру жүйесі көмектеседі

— ТМД-дағы басқа елдердің жағдайы қалай — оларда да осындай үрдіс бар ма? Еуропа мен Бастыстың адамдары жалған әңгімелерге сенбей ме?

— Жершарындағы адамдардың 90%-дан астамының сыни ойлау қабілеті жоқ, оларға алаяқтар, сектанттар, террористер мен шетелдік державалардың арамза насихаттарына ойланбастан ілесіп кете барады. Сондықтан

бұл әлемдегі өзінің орны туралы ойланатын елдер өзінің ноосферасы туралы ойлануы керек

Барлық мемлекеттік құпияларға қарағанда, оны қорғау маңыздырақ. Бүкіл әлем Финляндияға үміт артып отыр. Жақында ағылшын тіліндегі материалды оқыдым, онда осы елде 1970 жылдан бері қолға алынған білім беру жүйесінің арқасында қазіргі 50 жастағы адамдар мен жастар фейк жаңалықтарға төзімдірек екені айтылған.

Фейктердің ықпалы

— Өзіңіз  коронавирус туралы кездестірген ең ақылға сыймайтын жорамал?

— Қазір еске түсіру қиын. Бұл адам айтқысыз пандемия.  Еуроодақ Ресейді фейктерді таратты деп кінәләп үлгерді, бірақ фейктер Азиядан да, Оңтүстік Америкадан да Иран мен Америкадан да шығып жатты. Мәселен,

Африкадағылар өздеріне коронавирус жұқпайды деп ақпарат таратты

Ирандағы қайғылы оқиғағы алып келген фейкті көп уақыт ұмыта алмайтын шығармын. Олар  алкогольді ішімдіктерді пайдаланбайтын ел. Біреу метан спирті коронавирустан құтқарады деген қауесет таратты, ал адамдар оның шын-өтірігін тексермей, сеніп оны іше бастады. Қазірдің өзінде 500 адамдай қайтыс болды. Фейктердің ақыр соңы қандай болатынын көрсетті. Адыраспан немесе зімбірге сенгендер де өздері мен жақындарының, көршілерінің өміріне қауіп төндіріп отыр.

Үкімет не істеу керек?

— Мемлекет қайтіп халық арасында түсіндіру жұмыстарын тиімді жүргізе алады?

— Денсаулық сақтау министрлігі әзер дегенде  қоғамның назарын өзіне аударта алды.

  • БАҚ арқылы мәлімдеме жасалды  (holding statements),
  • тәулік бойы мониторинг жүргізілді,
  • жалған әңгімелер мен қауесеттерге тез арада жауап қатты.

Алғашқы айларда барлық порталдар мен Тв-арналар арқылы ақпарат берілгенмен, халық мессенджерлдерден келген шексіз өтіріктерге сенді. Мұнда мәселе халықта немесе мемлекеттік пиарда емес.

Біреулер күнделікті халықпен байланыс орнатып отыру керек еді дейді. Бұл тағы да шындыққа жанаспайтын пікір. 27 қаңтардан емес, 29 желтоқсаннан бастап күн сайын  роликтер, сұхбаттар, ток-шоулар, постерлер мен мақалаларда осыған қатысты бірнеше рет ақпарат айтылып тұрды.

Денсаулық сақтау министрлігінің ресурсындағы материалдардың қаралым көлемі бұрындары БҒМ болған рекордтан бірнеше рет артып кетті

Бүгінгі таңда мемлекеттік органдардың сайты ең көп оқылады және сілтеме жасалады. Осылай болғанына үш айдан асты. Қалай дегенмен де мессенджерлерден келетін қауесеттер ағыны, нақтырақ айтқанда көптеген қазақстандықтардың оларға 100 пайыз сенуі үлкен проблемаға алып келді.

Ерлан Асқарбеков

ДДСҰ жақсы үлгі көрсетті. 6 ақпанда оның бас директоры пандемияға қарағанда ел арасында кеңінен тараған жалған ақпараттардың қауіптірек екенін айтты. Сондықтан ірі әлеуметтік желілермен бірлесіп жұмыс істеп, фейктермен жүйелі күрес жүргізді.

Денсаулық сақтау министрлігі желтоқсаннан бастап ДДСҰ тығыз қарым-қатынаста және екі рет жершарындағы ең беделді медициналық ұйымның жоғары бағасын алды.

Жалған ақпарат үшін жасалау керек

— Сонда қандай қосымша шаралар қабылдау керек?

— Мемлекеттің қолданған әдістерін, жасап жатқан жұмысының көлемін арттыру керек. БАҚ-пен тиянақты, жан-жақты ойластырылған  жұмыс істеу керек.

Елде WhatsApp желісін жабудың қажеті жоқ, ал Телеграм-ды бұғаттауға болады, онда көптеген зиянды арналар бар

Күштік құрылымдардың әдісімен шетелдік бот-фермаларды анықтап, бұғаттау керек. Сондай-ақ фейктерді таратқаны үшін жазалап, айыппұл(100 мың теңге) салу керек.

Әр облыстан, қалалардан жүздешген адамды жазалап, олардың кешірім сұрағанын видеоға түсіріп, күн сайын кешкі хабардан көрсету керек

Қарапайым ережені түсіндірген жөн:

ақпараттың дереккөзі жазылмаған ба, ары қарай басқа біреуге жолдама

Сіздер ақылы толмаған балаларды жерден кез келген нәрсені алып, аузыңа салма деп үйретесіз ғой. Ал неге біз сонда халыққа миларына қауіпті, улы субстанцияларды қабылдауға рұқсат етуіміз керек?

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз