Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Коронавирус пен вакцина алудан сақтандыру: қайда және қалай?

фото с сайта rg.ru

1 шілдеде Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов 15 шілдеден бастап барлық заңды тұлғалардың вакцинацияланбаған қызметкерлерін күндізгі жұмысқа жіберуді шектеу туралы қаулы шығарды. Тек вакцинацияға қарсы көрсетілімдері бар адамдар және соңғы үш айда covid-19-бен ауырған адамдарға ғана рұқсат беріледі.

Халықты жаппай вакцинациялау 2021 жылғы ақпанда, Қазақстанға алғашқы ресейлік “Спутник V” партиялары келіп түскен кезде басталды. Сәуір айында Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандық QazVac вакцинациясының егіле  бастағанын мәлімдеді. Сондай-ақ, екі қытайлық Hayat-Vax және CoronaVac бар. Бірақ соңғы екеуі әрдайым және бүкіл жерде бола бермейді.

Мемлекет жыл басында жедел жаппай вакцинация туралы жариялаған кезде, бұл тек халықтың белгілі бір санаттары үшін тегін болатыны айтылды. Бірінші кезекте қауіп көп топтар: дәрігерлер, мұғалімдер, полицейлер үшін. Содан кейін ковидке қарсы екпе тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне (ТМККК) енді.

Соңғы мәліметтер бойынша, вакцинаның бірінші компонентін 4 млн-нан астам қазақстандық алған. 2 млн 283 мың адам толық екпе алды

Бұл 10%-дан сәл артық. Әлемде алғашқы тіркелген “Спутник V” вакцинасы шыққан Ресейде ковидке қарсы екпелерге қатысты жағдай шамамен Қазақстандағы жағдаймен бірдей. 146 миллион адамның ішінде бірінші компонентті 26 миллион адам алған, 19,2 миллион адам толығымен екпе алған.

Трендке қарапайым реакция

Сарапшылар халық арасында вакцина алудың төмендігін медицинаға деген сенімсіздікпен, вирустың аз зерттелуімен және вакцинацияның салдары көрініс берген жағдайда мемлекеттің жауапкершілік алмауымен байланыстырады.

Ресей өз азаматтарын ықтимал қауіптерден қорғау шараларын қарастырды. 2020 жылдың желтоқсанында “Росгосстрах” жаңа өнімді — ауруханаға жатқызған немесе вакцинациядан кейін қайтыс болған жағдайда арнайы сақтандыруды іске қосты.

Біз өмірді сақтандыру бойынша бірнеше компанияларға қоңырау шалдық және мынаны анықтадық: олардың тек 4-еуі (NOMAD Life, Freedom Finance Life, Halyk Life) COVID-19-ды алғашқы жұқтырудан полис сатып алуды ұсынады және олардың тек біреуі (Eurasia Life) ғана вакцна алғаннан кейінгі ауыр салдарынан сақтандырады.

Сақтандырудың ең төменгі құны – 5 мың теңге. Төлемдердің ең төменгі сомасы: COVID-19-дан емдеуге жатқызылған жағдайда — 100 мың теңге және коронавирустан қайтыс болған жағдайда – 1 млн теңге

Мұндай сақтандырудың арзандығына және сақтандыру жағдайының басталу ықтималдығының жоғары болуына қарамастан қазақстандықтар жаңа сақтандыру қызметін пайдалануға асықпайды. Кем дегенде, нарықтың осы жаңа өнімдеріне сұраныс аз. Жалғыз сақтандырушыдан вакцинадан қайтыс болған жағдайда берілетін сақтандыру полисі жазатайым оқиғалардан сақтандыру жөніндегі жалпы пакетке кіреді.

Саясат және бизнес

“Ковидтік” сақтандыруды ресімдеу оңай — сақтандыру ұйымының сайтында сауалнаманы толтыру қажет. Қазіргі уақытта адам ауырып жатыр ма, жоқ па, оны ешкім тексермейді. Сақтандыру жағдайларының орын алуын азайту үшін ешкім ПТР тест өтуді немесе вакцинацияны қажет етпейді.

Біздің журналистпен құпия әңгімеде сақтандыру компанияларының бірінің маркетологы Қазақстанда вакцинациядан кейін өлімнен жаппай сақтандыру ағымы екіталай екенін айтты.

— Қазір бұл саяси мәселе болғандықтан, сақтандыру бизнесі мұндай ойындарға қатыспайды, – деді әңгімелесуші. – Пандемия кезеңінде өмірді сақтандыру бойынша халық үшін тиімді жаппай өнімдер жасау-бұл жаппай вакцинация идеясының беделін түсіру түрі.

Вакцинадан сақтандыра бастаса, демек ол қауіпті. Осындай логика пайда болуы мүмкін

Сондықтан бизнес жаңа өнімдерді шығара бастайды. Вирустың аз зерттелгеніне және оның салдарына байланысты.

Маркетолог дәрігерлер пациенттердің өлімі туралы қорытынды жасағанда өлімнің нақты себебі вакцина деп көрсетуі екіталай деп қосты. Мемлекеттің беделін одан сайын түсірмес үшін.

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының басқарушы директоры Ерлан Бурабаев өмірді жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша қолда бар өнімдер мен медициналық сақтандырудың вакцинация салдарынан өзін сақтандырумен қайшылығы жоқ екенін айтады.

Ерлан Бурабаев, фото kursiv.kz сайтынан

Ковидтен кейінгі өмір

– Қазақстанда ковидке қарсы жаппай вакцинациялау басталғандықтан, логика бойынша осы вакцинацияның зардаптарынан экономикалық сақтандыру болуы тиіс. Бірақ сақтандыру бизнесі жаңа трендке сәйкес келмейді. Неліктен?

– Қазақстанда вакцинаны сынау кезінде әзірлеуші, менің білуімше, клиникалық зерттеулерге қатысушыларды сақтандырды.

Сондай-ақ, 2020 жылы бірқатар компаниялар өмірді коронавирус жұқтырудан сақтандыруға байланысты өнімдер жасады. Бұл өнімдер осы уақытқа дейін  халыққа сатылуда

Неліктен сақтандыру нарығының тек бір ғана қатысушысы вакцинациядан кейінгі салдарды сақтандырады? Себебі 2020 жылы жасалған қолданыстағы өнімдер вакцинациядан кейін ауырғандарға ешқандай шектеулер қоймайды.

Егер екпеден кейінгі ауыр зардаптар ковидпен емес, басқа созылмалы аурулармен байланысты болса, вакцинациядан қайтыс болған адамның өліміне себепші коронавирус емес, вакцинаның адам ағзасына сәйкес келмеуі болса ше?

– Қазақстанда жұмыс істейтін өмірді сақтандыру өнімдерінде клиентінің неден қайтыс болғаны маңызды емес. Егер, әрине, сақтандыру шартында олай жазылмаса.

– Ковидтен сақтандырылған адам жақын арада онымен ауырмайтынына кепілдік жоқ. Сонымен қатар сақтандыру ұйымдары сақтандыру жағдайларының туындауын барынша азайту үшін клиенттерге қандай да бір шарттар қоймайды. Мүмкін адамдар төлемдер алу үшін босаңсып жүрген шығар?

– Мұндай жағдайлар шынымен де жоқ және бола да алмайды. Себебі бұл шарттардың орындалуын бақылау мүмкін емес. Біріншіден, өмірді сақтандыру қағидатының өзі бұл жағдайда – адамның ауырып қалмауына және өмір сүруіне мүдделілігі. Саналы түрде сақтану және ауыру үшін ауруханаға бару – менің ойымша, фантастика.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз