Шетелдіктер біздің елге келуден уақытша бас тартуда, ал қазақстандықтар шетелге шығуға асығар емес. Ал ресми түрде Иран мен Оңтүстік Кореяға ғана баруға шектеу қойылған.
— Жақында ғана туркиядағы Дүниежүзілік туристік агенттіктің басшысының орынбасары коронавирус туристік ағындарға есер еткен жоқ деп мәлімдеген болатын. Дегенмен бұл жағдайда біз онымен келісе алмаймыз. Ұлттық және аймақтың контексте короновирус кері әсер біріп жатқаны түсінікті.
Біріншіден, әуе рейстері тоқтатылды. Қытаймен байланыс тоқтатылып, 1 наурыздан бастап Оңтүстік Корея мен Иран бағытындағы әуерейстерінің саны қысқартылды. Иран біз үшін аса маңызды емес, ол елге жаппай саяхаттайтын туристер жоқ. Бірақ бұл кезеңде қазақстандықтар медициналық емдеу-сауықтыру мақсатында Оңтүстік Кореяға баратын еді, сондықтан рейстердің қысқартылуы кәдімгідей әсер етті.
Сонымен қатар, осы уақытта Хайнань аралы танымал — ең бұқаралық бағыттардың бірі, ол зардап шекті. Сондай- ақ, вирус індеті басқа маусымдық бағыттарға — Таиланд пен Мысырға әсер етті.
Бір жағынан, біз Қытайдан коронавирусты жұқтыру деңгейінің төмендеуі туралы ақпарат аламыз, бірақ сонымен қатар шектеулер тізіміне жаңа және жаңа елдер кіретінін білеміз. Осының бәрі сыртқа шығатын туристер ағымына ықпал еткені анық.
Әдетте, біздің биліктеріміз шығу ағынының төмендеуі ішкі туризмнің өсуіне алып келеді деп санайды. Бірақ бұл жолы олай болмады. Шайкенованың айтуынша, ішкі көші-қонның артуы байқалмайды.
— Қазір мереке күндері басталады, әдетте қазақстандықтар осы уақытта саяхаттайды. Бірақ біздің азаматтарымыз ел ішінде көбірек саяхаттай ма, жоқ па? Мұны есептеу қиын.
Билікке коронавирус жоқ деген сенімге қарамастан, адамдар өз қауіпсіздігі үшін уайымдайды
және қандай да бір бұқаралық іс-шараларға қатысуды барынша азайтуға тырысады.
— Жақында Ташкентте экологиялық туризм бойынша конференция өтуі тиіс еді. Еуропа елдері бұл бағытқа Орталық Азия елдері мен Жібек жолында елеулі қолдау көрсетуде. Бірақ
конференцияға Еуропалық серіктестердің ешқайсысы келген жоқ
Бұдан басқа, бұрын Қазақстанға турларды брондаған шетелдік туристерден бас тарту көп.
Тағы бір фактор — санитарлық қауіпсіздікке жауап беретін біздің мемлекеттік органның түсініксіз саясаты. Ақпарат та адамдарды жаңылыстыруда, біресе андар баруға болмайды, біресе мында бармаңыздар деп кеңес бермейді.
Сонымен қатар, Шарын қаласына, яғни біздің негізгі туристік нысандарымызға сапарлар тоқтатылды деген ақпарат пайда болады. Бірақ бұл шындыққа сәйкес келмейді. Бұл факторлардың барлық кешені туризмге әсер ететіні анық.
Сала шығындарын есептеу қиын, бұл коммерциялық құпия.
— Қаржылық шығындар күрделі нәрсе. Турфирмалар өз табыстарын ашуды ұнатпайды. Егер тіпті қандай да бір санды белгілеуге тырысса, ол шындыққа сәйкес келуі екіталай.
Айта кету керек, қаржылық шығындарды компаниялар ғана емес, туристер да көтереді:
– Сапар кешіктірілген жағдайда, ақшаның бір бөлігі жоғалады – өз шығындарын авиакомпания да, турфирма да ұстап қалады. Қонақ үйлерден ақшаны қайтару үшін де уақыт қажет.