Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-15
USD
424
+1.47
EUR
506
+2.47
RUB
5.59
0.00

Коронавирус аңқау және байбаламшы адамдар үшін өте қауіпті

158

Адамдар кез келген бейресми дереккөздерден алынған ақпараттарға сене береді. Бұған дәлел ретінде «коронавирусқа қатысты дүрбелеңді» келтіруге болады. Бір қуантарлығы, Қазақстандағы жағдай  ауру жұқтырды деп күдік тудырған адамдар отырған автобусты атуға дейін барған жоқ, дегенмен қоғам арасында шиеленіс әлі де сақталып тұр. Әлеуметтанушы Есет Есенғараевтың пікірінше, мұның себебі халықтың білімсіздігі мен сыни ойлау жүйесінің болмауы. Сондықтан елді дүрліктіретін қарсы пікірлер қарқынды түрде қоғам арасында тез жайылып кетеді. Ең жаманы, адамдар өздеріне есеп бермейді. Олар өзгеріске, жаңа бір нәрсені үйренуге ұмтылмайды, бәрін білеміз деп ойлайды.

Сыни көзқараспен қараған кезіміз болды ма?

— Есет Жемісбекұлы, неліктен адамдар кез келген дүрбелең туыратын жалған ақпараттарға көзсіз сене береді? Егер жақсы жаңалық болса айтарлықтай наразға ілікпейді, ал жағымсыз жаңалық бір сәтте тарап кетеді. Оның дұрыс немесе бұрыстығын ешкім тексеріп жатпайды. 

— Шынымен де, мәселенің анық-қаныған тексеріп жатпайды. Мұның басты себебі — сыни көзқарастың дамымауы. Яғни, сырттан келген ақпаратты талдай алмайды, нәтижесінде қатып алған таптаурын пікірлерге сүйеніп шешім қабылдайды.

Ал ойлау дегеніміз — адамның не үшін бұлай ойладым деп өз-өзіне есеп беруі

Немесе адамдар  белгілі бір мәселеге қатысты қорытынды шығардым деп ойлағанымен, белгілі бір қалыптасқан пікірге сүйеніп, соның аясынан шыға алмайды.

Біздің білім беру жүйесі бұрын да, қазір де ойлауға, ойлануға үйреткен емес

Оны жеке бір дағды ретінде үйрету керек. Соңғы уақытта қоғам арасында сыни көзқарас сәнге айналды. Бірақ

көптеген адам оны кез келген нәрсені сынау деп түсінеді

Ал бұл сыни көзқарасты бұрмалау ғана.

Дәлелдеудің қажеті жоқ, бәріне сене береді

Бүгінгі таңда тағы бір дәлелденбеген қағида бар. Ол бойынша жаңа технология қоғамды жоғары зияткерлік деңгейге көтеріп, адамдардың сана-сезімін кеңейтеді деп есептеледі. Алайда

гаджеттер де, мессенджерлер де ойлау жүйесін жақсы жаққа қарай өзгертпейтіні белгілі болды

Сократтың оқыту әдісі  кез келген басқа заманауи технологияларға қарағанда әлдеқайда жақсы. Бізге сұрақтарды дұрыс қоюды ешкім үйреткен жоқ. Тіпті ешкім өзіне «мен неге бұлай ойлаймын?» деген сұрақ қоймайды. Не себепті біз көзқарасымыз бен қорытындыларымызға күдікпен қарай алмаймыз? Нәтижесінде біз басқалардың пікіріне қосыла саламыз, одан ары ойланып жатпаймыз.

— Мүмкіндігіміз бар, бірақ ниет білдірмейміз.

— Өкінішке орай, мүмкіндігіміз жоқ. Мәселен

белгілі бір зияткерлік мүмкіндігі бар адам ғана Сократты оқып, қандай да бір күрделі мәселе туралы ойға батып, қорытынды шығара алады

Егер адамдарға сыни көзқарас олардың зияткерлік деңгейін арттырып, сыртқы күштердің әсерінен қорғайды дейтін болсақ, бұл оларға ұнайтыны сөзсіз. Дегенмен, көпшілігі оны меңгере алмайды. Себебі білім беру дәстүрі мен қалыптасқан өмір салтының аясынан шыға алмайды. Сондықтан

алдымен белгілі бір зияткерлік қабілетті қалыптастырып,

жаңа және күрделірек мүмкіндіктерге ие болуы керек. Осыдан кейін ғана сыни көзқарас пайда болады.

Елді дүрліктіретін ақпарат тез тарайды

— Бүгінгі таңда көптеген адамдар соңғы 20-30 жылда адамдардың әсерінен жаһандық жылыну процесі болып жатқанына сенімді. Алайда жай ғана интернетке көз жүгіртсеңіз өткен ғасырдың 30-40 жылдарында қаңтар-ақпан айларында да дәл осындай жылы температура болғанын анықтауға болады. Осы мәселемен кәсіби түрде айналысатын синоптиктер жүз, тіпті мыңдаған жылдық циклдер болатынан айтады. Соңғы жылдары жаһандық жылыну көбінесе антропогендік әсерден болған да шығар,

бірақ елді дүрліктіретін идеяларды бұл мәселеге түк қатысы жоқ миллиондаған адамдар таратады

Олар бұл көзқарасты үлкен сеніммен жақтап, дәлелдейді. Егер бұл пікірмен келіспейтін болсаңыз, сізді ақылсыз, ешнәрседен хабары жоқ адам қатарына қосады.

Бұл көпшіліктің бойында бар қасиет. Олар өздерінің, топтың пікірімен келіспейтіндерді аса ұната бермейді.

Тек билік қана емес, халықтың негізгі бөлігі де «бізге тек жағымды жаңалық айтыңыз» деген тұжырыммен өмір сүреді

Жағымды дегеніміз оларға «ұнайтын, дағдылы», олардың көзқарасына сәйкес келетін пікірлер. Ең бастысы сіздің ойыңыз қоғамда қалыптасқан пікірге қарсы болмауы керек. Басқаша болса, ашулана бастайды. Себебі олар өздері туралы тым жоғары ойда.

Мұғалімдерге де үйрету керек

— Сонда қандай шаралар қолдану керек?

— Адам жаратылысынан жалқау. Бұл қимылға ғана байланысты емес, ойлауға да қатысты. Тіпті зияткерлік тұрғыдан өте жалқау десек те болады. Сол себептен біз таптаурын пікірлерге сүйенуге құмармыз.

Атүсті ойлану сүйегімізге сіңген әдет, одан арылу үшін көп күш салу керек. Мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап, балаларды ойлануға үйреткеніміз жөн.

Сондай-ақ

көптеген мектеп және ЖОО мұғалімдерін қайта оқыту мәселесі де алға шығады

Бұл ең қиыны. Балаларды үйрету үшін мұғалімдерді де үйретуіміз керек қой.  Сыни көзқарас дағдысын қалыптастыру үшін бірнеше әдісті меңгере салу жеткіліксіз. Ол үшін философия мен әдебиетке жүгіну қажет.

Адамдардың оқу, үйренуге ұмтылмауы бұл жолдағы ең үлкен кедергі. Көбі өздерінің ойлау жүйесі жақсы дамыған, ешқандай мәселе жоқ деп есептейді. Нәтижесінде

олар оқуды керек етепейді, тек билікті ауыстырып, жақсы өмір сүруге кедергі келтіретін белгілі бір жағымсыз күштерді жою қажет деген ойда

Біздің қоғамда сыни көзқарасты қалыптастыру өте ұзақ және күрделі процесс. Ол үшін өзіңді өзгертіп, сүйегімізге сіңген әдеттерімізді жеңуіміз керек.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз