Әлемдегі көптеген мемлекет басшыларының көріпкел-жұлдызшыларды өздеріне жақын ұстайтыны белгілі. Кейде солардың дегендеріне ыңғайланып, саясатын өзгертіп отыратыны анық.
Бірақ мұны еш уақытта айтпайды. Құпия сақталары хақ. Бұл жеке әңгіме. Бөліскіміз келгені – атышулы бір-екі көріпкелдің Қазақстан мен ТМД елдеріне байланысты айтқандары. Сонымен олар не депті?
Көрейік.
Оның күнделігіндегі жазбаларды дәлме-дәл аударатын болсақ,
«ХХ ғасыр аяқталмай жатып–ақ коммунизм құрдымға кетеді. Коммунистер биліктен тайып, демократтар тізгінді алады».
1991 жылы желтоқсанда КСРО күйреді. Коммунистер билікте 73 жыл 144 күн ғана отырды. Шындық па, шындық. Айтқаны дәл келді ме, келді.
Ол өзінің 26 мың болжамының бірінде «Ресей 2010 жылдан кейін кеңестік социалистік республикалар одағын қайта құруды қолға алады. Оған Белоруссия бірінші болып енеді. Одан кейін Ресей өз қолтығына Армения, Қырғызстан, Шығыс Украина және Қазақстанды алмақ. Бұл одаққа араға уақыт салып Грузияда кіреді» депті.
Бұған не дейсіз?
Бұл болжам сонау өткен ғасырдың бас кезінде айтылған. Қазіргі қалыптасқан жағдайға зер сала қарасаң, Эдгар Кейсидің айтқаны шындыққа айнала бастағандай. Өйткені ТМД кеңістігінде құрылып жатқан Еуразиялық экономикалық одақты еске алсақ та жетеді. Оның пайғамбарлығына осы жерде бас игендей боласың. Қазірдің өзінде Одаққа бұрынғы КСРО-ның құрамына енген елдер мүше. Оған кіргісі келіп отырған өзге де ТМД елдері бар. Демек, болжам шындыққа айнала бастағандай. Алайда ол баяғы қаһарлы КСРО-дай мызғымас одаққа айнала ала ма, жоқ па? Ол жағын көріпкел айтпаған.
https://kaz.365info.kz/dajyndala-ber-byl-habardy-estigen-putin-tyn-yjkhysynan-ajyrylypty-274653
Парацель деген атпен тарихта қалған тағы бір көріпкел Ресеймен бірге Қазақстанды өз болжамына арқау еткен.
Парацельдің шын аты – Филипп Ауреол Теофраст Бомбаст фон Гогенхайм (1493- 1541 ж.ж), швейцарлық дәрігер, алхимик. Осы көріпкел «Оракул» атты пайғамбарлық кітабында Сібір жері, орыс елі жөнінде өз ойын айта келе, «Мен өлген соң 500 жылдан кейін осы ел әлемдегі ең мықты мемлекетке айналады. Оның жалпақ бет, қара көзді, өмір бойы ат жалында ойнап өскен, көшпенді көршісі (қазақ деп біліңіз) одан кем қалмайды. Осы екі мемлекет әлемдік деңгейдегі ірі ойыншыға айналады» дейді-мыс.
Есепке салып жіберсек, Парацель 1541 жылы дүниеден өткен. Одан кейінгі 500 жылды тағы есептесек, ол 2041 жылға дөп келмек. Демек,
Қазақстан (Парацель қазақты ат жалында ойнап өскен көшпенді деп отыр) қазіргі бағыттан таймаса, әлемдегі ең өркениетті, дамыған алдыңғы қатарлы елдің бірі болмақ.
ХV ғасырдың соңы мен ХVI ғасырдың басында өмір сүрген Парацель осылай деген.
Оның айтқаны қаншалықты дәл келеді? Тірі болсақ оны да көрерміз.
Иә, әлем тарихына көз салар болсақ, алдағы уақыттан озып, көріпкелдік жасап, болжам айтқан данышпандар өте көп. Олардың арасында қараны көбейткен сәуегейлер де, нағыз көріпкелдер де бар.
Бірақ «олар солай деген екен» деп сене беруге де болмайды-ау… Өйткені өмір заңы сәл өзгешелеу.
Ақшарқат Ахметбек
https://kaz.365info.kz/zhalgyzdarga-khiyn-tanymal-sauegej-2018-zhylga-khatysty-bolzhamymen-bolisti-295047
https://youtu.be/pQQaPkMnIzY