Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Кореяның бұрынғы президентіне жемқор деген айып тағылды

Бұрынғы президент Ұлттық барлау қызметінен, Samsung және басқа да ірі компаниялардан жалпы есеппен 11 млрд вон (10,3 млн доллар) пара алды деп күдіктелуде.

Ли Мён Бак – Оңтүстік Кореяның қылмыстық іске іліккен осымен бесінші президенті екен. Бұған дейін президент болған жеті президенттің екеуі ғана сүттен ақ, судан таза болған деседі.

Жақын арада 2013-2017 жылдары президент болған әйел Пак Кын Хенің ісі бойынша да сот үкімі шығуы тиіс. Ол да былыққа әбден батқан президент екен, оған 18 бап бойынша айып тағылуда.

Айта кетсек, Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Ли Мён Бак 2017 жылдың шілдесінде Қазақстанға келген болатын.

Ол Астанадағы атышулы Экспоның ашылуына қатысып, Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескен болатын.

Дереккөз informburo.kz
https://kaz.365info.kz/najman-zhigitteri-khuatty-keledi-eken-ekspony-sekspo-zhasagan-eki-ajeldin-angimesi-271111

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз