Димаш Құдайбергеннің Беларусь елінің төрінде «Славян базары – 2018» халықаралық фестивалінде шырқаған әндері ресейлік «РТР» мен «МИР» телеарнасының эфирінен алынып тасталды.
Мұндай жағдай бұған дейін де болған, – деп жазады Qamshy.kz. Былтыр Димаш «Славян базары» байқауына қонақ ретінде барып, ән шырқаған, алайда Димашты эфирден қиып тастап әншінің тыңдармандарының шамбайына тиген еді. Биыл да дәл сондай жағдай қайталанған соң ресейлік тыңдармандар үнсіз қалмай Димаштың өнерін телеарналардан тамашалау құқығын талап етпек.
https://kaz.365info.kz/baskov-birtyrli-bop-khaldy-dimashty-vitebsk-ayagynan-tik-tyryp-kharsy-aldy-video-323860
«Қазақстанда отырып қазақстандық әншінің өнерін телеарнадан көре алмасақ, Қазақстанда хабар тарататын телеарна мәдени жаңалықтарды толық бермейтін болса мұндай арнаның бізге қандай қажеті бар?» деп отыр.
«Димаш достар» атты фанклубтың әкімшісі Мадина Құрманғалиева аталмыш жағдайға қатысты тыңдармандардың жоспарымен бөлісті.
– Қазір Димаштың фанаттары ақылдасып жатырмыз, мәселені көтеріп «МИР» телеарнасының басшылығына, ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне хат жазбақшымыз. Димаш енді танылып келе жатқан жас әнші емес қой, Азия жұлдызы. Оны көптеген елде өз тыңдарманы бар. Ол жерде Димашты жақсы көреді, өнерін жоғары бағалайды.
Қазір ресейлік тыңдармандар Димаштың эфирден алынып тасталуына қатысты әлеулемттік желіде өз наразылықтарын білдіріп жатыр.
Димашты эфирден алып тастаған продюсерлер миллиондаған тыңдарманды әдемі, жанды дауыстағы өнерді тамашалау құқығын айырып отыр, дейді Мадина Құрманғалиева.
https://kaz.365info.kz/bespaev-yyalgan-shygar-slavyan-bazarynda-amire-birinshi-oryn-aldy-video-324040
Димаштың фанаттары мұның астарында лас саясат жатуы мүмкін екенін де жоққа шығармайды. Олардың ойынша, егер Димашты саясат үшін эфирден қиып тастаса мұндай саясат алысқа бармайды. Ал саясат болмаса, яғни телеарна қызметкерлерінің кәсібилігінің төмендігі деп бағалап отыр. Себебі Димаш Құдайбергеннің өнері – тыңдарманға эстетикалық ләззат сыйлайтын, тыңдарман сұранысына ие.
– Бұл бірінші рет болып отырған жағдай емес. Былтыр да Димаш “Славян базарына” қонақ ретінде келген, «РТР» мен «МИР» былтыр да биыл да көрсетпеді. «РТР» – коммерциялық телеарна.
Онда фестивальдың қысқартылған нұсқасын көрерменге ұсынды. Көптеген әртістерді алып тастады. Оның ішінде Димаш та бар. Тек танымал ресейлік әншілерді ғана қосқан.
Ал «МИР» телеарнасы байқаудың ресейлік арна көрсеткен қысқартылған нұсқасын ала салғандай көрінді, – дейді Мадина Құрманғалиева.
https://kaz.365info.kz/otirik-anshilerdi-maskhara-khyldy-tyrikter-dimash-turaly-ne-dejdi-video-301919
Шілденің 12-сі мен 16-сы аралығында Беларусияда өткен «Славян базары – 2018» халықаралық байқауына әлемнің түкпір-түкпірінен Димаштың фанаттары әншінің өнерін тамашалау үшін барған. Оның ішінде ресейлік тыңдармандар да жетерлік. Мадина Құрманғалиеваның айтуынша, ресейлік фанаттар ұйымдастыру жұмыстарына белсене атсалысқан.
– «Славян базары – 2018» байқауына «Димаш достар» атты Димаштың фан клубының атынан 10 адам бардық. Шетелден де фанаттар келді. Барлығымыз 80 адамдай болдық. Өзіміз жиналып кеш ұйымдастырдық. Ресейден келген фанаттар өте көп болды. Олар бізге Димашқа гүл алу, плакат жазу секілді жұмыстарды ұйымдатыруға көмектесті.
https://kaz.365info.kz/arnajy-shakhyrtyp-aldykh-dimash-frantsiyanyn-atakhty-shouynda-oner-korsetti-video-260680
Димашты эфирден алып тастаса да ресейліктер оны Youtube желісі арқылы жақсы біледі, таниды, оның әндерін тыңдайды,
– дейді «Димаш достар» фан клубының әкімшісі.
Димаштың эфирден алынып тасталуына қатысты ақын Оңайгүл Тұржан да наразылығын Facebook парақшасында жазған еді.
«Славян базарында» Димаш Құдайберген өзінің ғажайып әнші екендігін тағы да дәлелдегені соншалық, оның ән айтқан тұсын «РТР» мен “МИР” телеканалдары қиып тастапты. Өйткені бұл атышулы өнер фестиваліне Ресейдің де маңдайалды әншілері қатысқан еді. Соларға көлеңке түспесін дегендері ме екен, а? Концертті жүргізуші де қатырды: “Димаш из Казахстана” деді де, “Басковқа гүл қалмайтын болды ғой” деді. Концертті Лукашенко да тамашалады. Оның Димашқа деген құрметі ерекше», – деп жазды ақын.
https://kaz.365info.kz/demimizdi-ishke-tartyp-tyrp-ete-almaj-khaldykh-dimash-turaly-frantsiya-televideniesi-ne-dedi-261296
Айта кетейік, Беларусияда 12 мен 16 шілде аралығында «Славян базары – 2018» халықаралық конкурсы өткен болатын. Димаш балаларға арналған конкурста қазылар алқасының мүшесі болды. «Славян базары – 2018» байқауына Қазақстанның атынан 2-сынып оқушысы Әбілқайыр Жұмабай қатысып, үздік үштіктен көрініп, жүлделі орынға ие болды.
Димаштан бөлек халықаралық байқауда Роза Рымбаева да қазылық еткен. Әнші ересектер арасында байқауға қатысушылардың өнеріне баға берді. Фестивальге еліміздің атынан 23 жастағы Ернар Садырбаев қатысты. Ол халық арасында Әміре есімімен танымал.
Беларусияда Қазақстанның танымал әншісі Роза Рымбаеваның есімі жазылған жұлдыз орнатылды. Сонымен қатар, Беларусия президенті Александр Лукашенко қазақстандық әншіге арнайы сыйлық табыстаған болатын.