Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Көпбалалы отбасылардың балаларына арналған 5 мың гранттың шарттары қандай

126

5 мың гранттың шарттары жайлы Үкіметтің баспасөз орталығында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 5 мың грант бөлінеді. Гранттар осы жылдың қыркүйек айынан бөліне бастайды. Бір шарт бар – ол гранттарға Ұлттық бірыңғай тестілеуде шекті бал алған түлектер үміткер бола алады. 5 мың грантқа үміткер бола алатын нақты санаттар бар — олар көпбалалы отбасылар мен атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балалары. Бізде биыл 53 700 грант болады. Алдымен, осы гранттарды үлестіріліп, содан ілінбей қалған, жоғары санатқа енетін түлектер 1 тамыздан кейін өтініш бере алады», – деді Асхат Аймағамбетов.

Министрдің айтуынша, гранттарды бөлуде ешқандай жемқорлыққа жол берілмейді.

Еске сала кетсек, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына биыл 5 мың білім гранты бөлінеді. Бұл туралы кеше Ақордада БАҚ өкілдеріне ҚР Президентінің сыйлықтары мен гранттарын табыстау рәсімінде  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз