Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
15
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Көпбалалы аналар қандай жағдайда баспанасынан айырылады?

124

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз орталығындағы брифингте ҚР ИИДМ бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтып берді, деп хабарлайды “Ұлт ақпарат”.

Осы жылдың соңына дейін 12 мың көпбалалы отбасын үймен қамту көзделіп отыр.

«Елбасы көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен қамту мәселесін тапсырған болатын. Сол себепті, керекті шаралардың бәрі толық қабылданды. Бүгінгі таңда Қазақстанда 340 мыңнан астам көпбалалы отбасы бар. Оның ішінде кезекте тұрғаны – 31 750. Тапсырма беріліп жатқан кезде 28 123 отбасы кезекте тұрған еді. Осы бір жарым айдың ішінде 3 мыңнан астам көпбалалы отбасы қосымша кезекке тіркелді. 2025 жылға дейін қаражат толық көзделгенін өздеріңіз білесіздер. 40 мыңнан астам пәтер саламыз деп отырмыз. Биыл жалға берілмейтін және сатылмайтын 6 мың пәтерді тапсырамыз. Ол жұмыс басталып кетті», – деді вице-министр Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» шаралары бойынша көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен қамту механизмі жайлы.

ult.kz

Қайырбек Өскенбаевтың айтуына қарағанда, 1 мамырдан бастап көпбалалы отбасыларға баспана беріліп жатыр.

«Осыған дейін 249 үй тапсырылса, кеше Өскемен және Семей қалаларында тағы қосымша 10 пәтер табысталды. Осы айдың кезегі бойынша 1200-1300 пәтер тапсырылады деп жоспарлап отырмыз. Әр күн сайын кесте бақылануда. Ертең, яғни 9 мамырда БҚО-да, Шымкентте, 15 мамырда Атырау облысы мен Алматы қаласында көпбалалы отбасыларға үй табыстау жоспарланған», – дейді ол.

Вице-министр өз сөзінде пәтерді жекеменшікке сатып аламыз деген көпбалалы отбасылар болса, оларға бөлек Тұрғын үй-жинақ банкі арқылы тағы да 6 мың пәтер қарастырылғанын атап өтті.

«Қабылданған шаралар бойынша көпбалалы отбасылар бөлек санаттарға жатқызылып, бірінші кезекте үймен қамтылуы көзделген. Сол жоспар бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасына толық өзгерістер енгізілді. Осы басталған жұмысты ай сайын, күн сайын қадағалап отырамыз. Негізі берілген тапсырма толықтай орындалады. Бүгінгі күні кезекте тұрған көпбалалы отбасылар Үкімет тарапынан 2025 жылға дейін үймен қамтылады. Сол себепті ол үшін қобалжымасын. Тұрғын үй жинақ банкі арқылы 6 мың отбасы үй алатын болса, биыл 12 мыңнан астам отбасыны баспанамен қамтитын болсақ, 3-4 жыл ішінде осы мәселені (көпбалалы отбасыларды үймен қамту) шешеміз деп отырмыз», – дейді Қайырбек Өскенбаев.

Сондай-ақ, ол көпбалалы аналар қандай жағдайда баспанасынан айырылатынын айтты.

“Қандай жағдайда үйден шығарылады?

Егер алты ай ішінде жалақысы мен коммунальдық төлемдерді төлемесе, егер мүлікті қасақана бүлдірсе және көршілер шағымданса, егер пәтер дүкенге немесе қонақүйге қайта жабдықталса, егер отбасы пәтер алып, баспананы жалға бергісі келсе, мемлекет бұған жол бермейді.

Отбасы пәтер (басқа) алған жағдайда, ол көшуі тиіс”, – деп түсіндірді Өскенбаев үкіметтегі брифингте.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз