Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
4
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Көп ақша ұсынса да шетелге бармаған қазақтың “Шумахері” парадта танк бригадасын бастап шықты

Бірнеше жыл халықаралық танк биатлонында көк туды биікте желбіреткен Марат Түсіпов те осында қызмет етеді. Салмағы 40 тонна болатын мына ауыр техниканы анау-мынау адам басқара алмайды. Негізінен темір тұлпарды орта бойлы жігіттер тізгіндейді. Экипаж 3 адамнан тұрады: механик, көздеуші және командир. Олардың әрқайсысының өз міндеті бар. Дегенмен, басты салмақ командирге түседі. Танк бригадасы – Құрлық әскерлері арасындағы үздік құрылымдардың бірі. Өткен қысқы дайындықтар қорытындысы бойынша үздіктер қатарынан көрінуі соған дәлел.

Ал «Қазақтың Шумахері» атанып кеткен Марат Түсіпов «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының ғана емес, күллі Қазақ Елінің мақтанышы. Қатарынан 5-ші жыл ол Мәскеу түбіндегі «Алабино» полигонында өтіп жүрген танк биатлонынан жүлдесіз қайтқан емес. Тіпті қазақ сарбазының бұл шабысына қызыққан кейбір мемлекеттердің Қорғаныс министрлері жоғарғы жалақы мен баспана ұсынып, өз елдеріне шақырыпты. Марат та жауапты қысқа қайырған: «Қазақстан Республикасына қызмет етемін!»

Марат Түсіпов, Қабанбай батыр атындағы танк бригадасының механик-жүргізушісі:

– Танкке отырып, рычагқа отырып жүрген кезде өте бір жігерлі, күш пайда болады. Өзіміздің бұрынғы Қабанбай батыр аталарымыздың қалай ұрысқаны бізге де күш береді сол себептен осы жүлделі орындарды алып жүрміз, намысқа тырысқаннан. Құдай қаласа, биыл да халықаралық армия ойындарына, оның ішінде танк биатлонына, міне дайындық жүріп жатыр. Биыл да өте күрделі болайын деп тұр. Оған қарамастан осы жылы да жүлделі орын аламыз деген сенімдеміз.

Мараттың отбасында жас танкіші өсіп келе жатыр. Дәстүр сабақтастығы жалғасып, батыр мінез, өр намыс та әкеден балаға мұра болғаны қуантады.

Марат Түсіпов, Қабанбай батыр атындағы танк бригадасының механик-жүргізушісі:

– 4 бітіретін ұлым бар, ол да әскери қызметші болғысы келеді. Сіз секілді танкіші болғым келеді дейді. Құдай қаласа, «Жас ұлан» мектебіне берейін деп жүрмін, әскери қызметші қылып.

Танкішілерде тыным жоқ. Күндіз-түні жаттығу. Алдағы жазда «Алабино» полигонында өтетін халықаралық сайыста көк туды биыл да биіктен желбіретуге аягөздіктер барын салып бағады. Ал әскерилердің өз міндеттерін атқаруы үшін барлық жағдай жасалған. Қалашықта тап-тұйнақтай тазалық. Былтыр 90 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Жыл сайын әскерилердің баспана мәселесі рет-ретімен шешіліп келеді. Алдағы уақытта тағы 4 үйді іске қосу жоспарланған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз