Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

«Конституция бойынша референдум өткізу қажет емес» — Нұрсұлтан Назарбаев

“Парламент депутаттарынан мүмкіндігінше кейінге қалдырмай, барлық процедура мен заңымызды сақтай отырып, заң жобасын қарауды сұраймын. Конституцияда өзгерістер енгізудің екі нұсқасы бар: Президент талқылаудан кейін заң жобасын референдумға немесе Парламентке жібере алады. Биліктің мемлекеттік жүйесінің негізгі жағдайлары мұнда өзгермейтіндіктен, құқық негіздері, адам бостандығы бұл реформада өзгеріссіз қалғандықтан үлкен шығынға, адам ресурсына, саяси проблемаларға және қоғамда артық сұрақтар туындайтын жағдайға алып келетін референдум өткізудің қажеттілігі жоқ”,

– деді Президент.

Назарбаевтың айтуынша, халық сайлаған депутаттық корпус осы заңды енгізуге құқылы.

“Жобаны мемлекет мүддесі үшін ұзаққа создырмай қарайтындарыңызға сенімдімін. Жұмыстарыңызға сәттілік”,

– деді Мемлекет басшысы депутаттарға.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз