Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
6
USD
426
0.00
EUR
495
0.00
RUB
5.98
0.00

“Көңілдеске көндім”. Жоқшылықтан қиналған таксишінің әйелі осылай дейді

408

Мен оған үлкен талап та қоймаймын. Мені үлде мен бүлдеге орасын демеймін. Тек отбасындағы бар мәселені шешіп, еркекке сай өз мойнына жауапкершілік алса деймін. Бірақ ол бәрінен қашады, бәрін маған артып қояды. Ал өзі болса, қолына артық 1-2 мың теңге түссе, достарын шақырып, кафеге тұра жүгіреді. Бізді ойламайды. Мен кішкене қызымды қолыма алып, дүкенге барамын, керек-жарақтарды алып, ауыр сөмкені арқалап қайтамын. Өйткені ол жеткізіп үйге тамақ алмайды. Анда-санда балаға памперс алады.

Ай сайын үйдің кредиті бар – 6500 теңге, коммунальдық қызметтің ақысы – 10 мың теңге, 6500 теңге несиеміз бар. Түк емес қой, 25-30 мың теңге бір айда табуға болады деп ойлаймын. Бірақ осыны ол төлемейді.

Бір жылға толмаған балама берілетін ақшаны соған жұмсаймын. Ал балаға анасының жалақысына сай ақша есептеледі ғой. Өздеріңіз сезіп отырғандай, жұмысқа шықсам, одан бірнеше есе орап табамын. Бірақ оған ол тағы рұқсат бермейді. Не өзі таппайды, не маған тапқызбайды?..

Жүгіріп жүріп, үйді де мен жасап бердім. Міндетсініп тұрғам жоқ. Баламен үйде ерігіп отырмағанымды айтқым келеді. Көбіне мәселеден қашады. Мен төркініме кетіп қаламын. Бірақ оның әке-шешесі оған дұрыс бағыт-бағдар бермейді. Бәрі солай болуы заңды секілді.

Негізі, қолда барды бағалай алмай отыр ғой. Ішім ашиды. Әйтпесе көріп жүрміз ғой, күйеуіне косметикасына дейін саттырып алдыртатын керігіп қалған талай қатынды. Бізде ондай да мінез жоқ…
Қазір қомақты біреуден қаражат алып, бір іс бастайық деп жүрмін. Қалталы танысы да, тамыры да баршылық. О да үн жоқ. Сөйтсем бір құрбым:

„Сенің басың істей ме, 25-30 мың таппай жүрген жалқауы күйеуің, үлкен іс жасайды дейсің бе? Одан да қалталы таныстарын өзін пайдаланбайсың ба”, деп кеңес берді.

https://kaz.365info.kz/yjkelis-zhokh-ajelime-khanagattanbajmyn-khazakh-zhigiti-shyndygyn-ajtty-267953

Содан ойланып-ойланып бір бизнес-жоспардың нобайын қағазға түсірдім. Алдымен әлгі кеңес берген құрбыма хабарластым.

Сөйтсем ол тағы да ұрсып берді:

„Жынданып кеткенсің бе, мен саған сол адамды пайдалан дедім. Бизнес деген саған ойыншық па, сразу банкрот боласың, балаларыңа кім қарайды, орта жолда шашылып қаласың ғой.

Одан да оңай жолы, ақшасы бар адаммен көңіл қоссаңшы. Ондай адамды да қазір табу қиын, ал сенде дайын екен” дейді. Кетші деппін ғой мұны естіген мен.
Әбден шаршап кеттім. Анығы, бірдеме қылу керек. Сонда не істесем болады? Кеңес беріңіздерші…„ депті .

Айгүл Сазанова. Қапшағай қаласы

Мақала ВК-дағы “Атамның басы-ай” тобында талқылануда

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз