Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-10
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

«Көңілдесім қанымды ішіп жүр» – келіншектің күйініші

719

Бірақ…

Бірақ бір оқиғаны бастан кешірген едім

Үш жыл бұрын күйеуімнің басқа семьясы пайда болды, жас тоқалы да, балалары да бар.

Үйге көп қонбайды. Мен оны біліп, жанжал шығармақ едім, күйеуім олай емес, саған бірдеңе көрінген ғой”, деп дес бермеді. Бірақ кеш келетін, тіпті үйге қонбайтын күйеуімнен “дәлелдер” тауып жүрдім.

Күйеуім апталап үйге келмейтін болды. Менімен төсектес болмайды. Сөйтіп мен ішкілікке салына бастадым. Күн сайын тұра сала сыра, арақ ішкім келіп тұрады. Балаларыма күтуші қыз қарайды. Үй жинаулы, тамақ пісірулі. Өз күйігім өзімде, ішім өртеніп іше бердім, іше бердім.

Ішкен адамда береке болсын ба, есімді жинап, көзімді ашсам, көлігімнің ішінде жолаушы орындығында отырамын, көлігімнің рөлінде басқа еркек отырады. Түні бойы қыдырып, кафелетіп, еркектермен танысып, ішіп-жеп отырамыз, ар жағын есіме түсіре алмаймын. Ішкілікке салынғанымды күйеуім біліп қойып, мені зорлап клиникаға жатқызды. Алты ай емделіп шыққан соң “енді ішкеніңді білсем, үйден де айырыласың, балалардан да айырыласың. Сен менің әйелім болып қаласың, дұрыс жүр, абыройымды төкпе“, деді.

Содан кейін маған жоғарыда айтылған жеке кәсіп ашып, астыма көлік алып берді. Екінші отбасы туралы маған ештеңе айтқан жоқ, бірақ айтпаса да түсінікті. Өзі үйге сирек келіп тұрады.

Ісімді дөңгелетіп, балаларыма көңіл бөліп жүргенімде құрбыларым арқылы бір жігітпен таныстым.

Менен он жас кіші, қарапайым жұмысы, қарапайым көлігі бар, Шымкенттің тумасы.

Отбасы, екі баласы бар. Ізімнен қалмай жүріп, ақыры, бірге болдық. Төсекте әрине, оған ешкім тең келмейді. Күйеуіммен болмаған арман-тілектерімнің барлығын жүзеге асырамын. Ол да соншалықты құштарлықпен қабылдайды. Осылайша бір жыл өтті. Енді міне, ол жігіт менің күйеуімнен ажырасуымды қалайды. Өзі де ажыраспақшы.

Ал мен күйеуімнен кете алмаймын. Мен оның шаңырағын көтеріп отырмын, балаларымызды бағып отырмын. Одан кетсем, бәрінен айырыламын.

Күйеуім көзіне шөп салғанымды ешқашан кешірмейді.

Мен Жомартқа «ажыраса алмаймын, осымен тоқтағанымыз дұрыс болады», деген едім. Сол сөзден кейін, өмірім тозаққа айналды. Себебі, телефонмен неше-түрлі қорқыту сөздерін жазып, “мені тастай алмайсың, тастасаң, тізеңді шағамын, өлтіремін”, дегенді жазады.

Бара-бара мінезі де өзгеріп, кім-көрінгеннен қызғанып, шу шығарып, маған қол көтеретіні де бар. Вацап, хабарламалар, қоңыраулар түгел тексеріледі. Құрбыларымның қайсысымен араласуым қажет екенін Жомарт шешеді. Ол анамның да қайда жұмыс істейтінін білетін еді. Телефонымды көтермей қалсам, анамның жұмысына, ауруханаға барып, шатақ шығарады. Одан қашып тұтқаны көтермей көріп едім, үйімнің жанын торуылдап, көпқабатты тұрғын үйдің кіре берісіне атып ұрып, бір-екі соққы жібереді. Жұмысын тастап, пәтеріме дейін келіп, мені аңдумен уақытын өткереді.

“Мені тастайтын болсаң, күйеуіңе айтамын. Таныс бұзық жігіттер бар, соларға айтып, кәсібіңнің быт-шытын шығарамын, өзіңді мүгедек етемін”, – деп қоқан-лоқы көрсетеді.

Солай! Мен онымен бүгінде қорыққанымнан кездесіп жүрмін. Баяғыдай тулаған сезім жоқ. Бастысы, күйеуіме айтпаса болды. Оған айтса — менің құрығаным.

Енді міне, Жомарттан қорқатын халге жеттім. Тіпті, күйеуімнің ақшасын пайдаланып, оның көзін біржола құртқым да келген. Бірақ ондай ойлардан құрбыларым кері қайтарды. Енді не істесем болады?

Жомарттан қалай құтыламын? Өте қатыгез, жанкешті адам екенін енді білдім. Ештеңеден тайынбайды. Ішіп алса, тіпті, жынданып кетеді.

Ондай кезде басымды бұғып, сенікі дұрыс деуден басқа амалым жоқ. Кеңес сұраймын, не істесем екен?

Аяжан Төрехан

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз