Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
13
USD
423
-1.75
EUR
499
-5.37
RUB
5.64
-0.04

Көңілдес болғым келмейді…

189

Кездестік, сағынышымызды бастық, мауқымызды бастық. Ұйқы көрмеген түндер өз лəззатын сыйлап жатты.

Айтылмаған сыр қалмады, небір армандар да ақтарылды. Ертесіне қайтарымда шығарып салды, қимай қоштастық. Мені шығарып салғанда айтқаны отбасының бар екені. Осы уақытқа дейін айта алмағанын, мені ренжітіп алғысы келмегенін, менен айырылып қалғысы келмегенін айтқанда, аспан айналып түскендей болды. Кешірім сұрап қала берді қол бұлғап. Содан үйіме жеткенімше көз жасым құрғамады. Неге, деген сансыз сұрақ мида қалып қойды. Қош. Сонымен оны санамнан өшірдім. Өшірдім дегенім жай сөз ғана. Қандай қиын еді өшіру, ұмыту, сағынбау.
https://kaz.365info.kz/keshir-meni-nuar-dosymny-jeli-z-zil-247750
Баяғы күліп ойнау да жоқ, алға деген ұмтылыс та жоқ. Мағынасы қалмағандай өмірдің. Алданып қалғандай сезіндім өзімді. Уақыт емші. Өз дегенін жасады, Ұмыттым.

Арада он жыл өткенде кім ойлаған оны іздеп тауып келеді деп. Сонау бір түкпірдегі ауылдағы үйімді тауып келген, қаншама адасып, əркімнен сұрастырып жүріп зорға тауып алыпты. Міне, ғажап, он жыл өткенде не мекен жайым жоқ, не телефон нөмерім жоқ қолында, тауып алған. Мені тауып алғанда, оны көргендегі қуаныш сезімін айтып жеткізу мүмкін емес. Өкпе ренішімнің ізі де қалмаған. Кешірген екенмін. Көшеде ешкімнен қысылмай құшақтасып,аймаласып тұрып қалыппыз. Қуаныштан көзден жастар кетіп жатты. Іздеген табады деген, Құдайдың құдіретінде шек жоқ қой. Бір күн қасында болдым. Айтылмаған сырымыз қалмады. Ұмытпағанын, есінде үнемі болғанымды, сағынғанын бəрін-бəрін жеткізіп жатыр.
https://kaz.365info.kz/bajymnyn-konildesteri-ozimnin-podruzhkalarym-eken-289903

Бірақ отбасын да тастап кете алмайтынын жеткізді. Мен оны қинағым келмеді.

Ұмытуын өтіндім. Ұмыт, іздеме, сағынба. Осы үш ауыз сөзді жүрегім сыздап тұрып жеткіздім. Қимасам да тағыда қоштастық. Тағы да жүрекке түскен салмақ. Білемін, ол да ұмытқан жоқ əлі. Мен де ұмытқаным жоқ. Бірақ қосылмайтын тағдыр біздікі.

Көңілдес болып, өзімді алдағым да келмейді. Бұл дүниеде шын ғашықтар қосылмас, қосылмасақ та маған махаббат деген сезімді сезіндіртіп кетті.

Өкінбеймін тағдырыма, сондай адаммен жолықтырғанына, сырластырғанына. Қайда жүрсе де аман болсыншы. Бақытты болсыншы сол адам деп тілеймін.

Мүмкін, Алла бізді тағы кездесуді жазатын шығар. Мен оны сүйем. Күтемін. Ол менің махаббатым, сағынышым, қол жетпес арманым.

Дереккөз: kz.el24.kz
https://kaz.365info.kz/bala-k-tushi-kelinshek-k-ildesime-ajnalyp-ketti-244942

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз