Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Коммуналдық қызметтердің ең төмен тарифтері Қазақстанның қай өңірінде?

418

Жылу Алматыда Нұр-Сұлтанға қарағанда 2,3 есе қымбат

Статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2019 жылдың 20 наурызына Қазақстанда 1 Гкал орталық жылыту құны 3 441 теңгені құрады. Бірақ қызмет құны тұру қаласына байланысты әртүрлі.

Ең қымбат жылу – Оңтүстіктің ірі қалаларында

Алматыда 1 Гкал бағасы 5 426 теңгені, Шымкентте — 5 103 теңгені құрайды. Салыстыру үшін: Көкшетауда (ең арзан тарифі бар қала) баға 1 614 теңгені құрайды — Алматыға қарағанда 3,4 есе аз.

Арзан жылытылатын қалалар қатарына Нұр-сұлтан да жатады.

Ыстық су — үш есе

Ыстық су да Алматыда ең қымбат — текше метр үшін 427 теңгеден астам. Бұл орташа республикалық көрсеткіштен 87%-ға артық. Екі қала — Нұр-сұлтан мен Павлодар тұрғындары ыстық судың текше метрі үшін 150 теңгеден аз қаражат береді. Яғни, тағы да, ең төмен тарифтердің бірі.

Ақтауда суық су орташа республикалық көрсеткіштен 3,3 есе қымбат

Парадоксалды жағдай Ақтауда орын алған: ыстық су мұнда суық судан арзан! Тарифтер текше метр үшін 201,75 және 223,87 теңгені құрайды. Мұндай жағдай республиканың бірде-бір өңірінде жоқ.

Сонымен қатар, суық су Қазақстан бойынша орташа есеппен ыстық судан 3,3 есе арзан, тек Ақтау, Қарағанды және Атырау қалаларының тұрғындары оған 100 теңгеден артық төлейді. Есесіне төрт қалада судың кубометрі 50 теңгеден төмен (Павлодар мен Нұр-Сұлтаннан өзге, бұл тізімге Орал мен Қызылорда қосылды).

Кәріз Қарағандыда Таразға қарағанда 5 есе қымбат

Кәріздің ең жоғары тарифтері Қарағанды қаласында. Мұнда кәріз қызметі үшін төлем 93,16 теңгені құрайды – орташа республикалық тарифтен екі есе артық және жақын көрші Петропавлға қарағанда шамамен 18 теңгеге артық.

Павлодарда осы қызметке тағы да республика бойынша ең төмен тарифтердің бірі (1 текше метр үшін 22,58 теңге). Алматы тұрғындары сәл көбірек төлейді, ең аз төлейтіндер – тараздықтар.

Қоқыс шығарудың алматылық тарифі республикалық орташа деңгейден үш есе жоғары

Есесіне Алматыда қоқыс шығару құны жоғары — бір адамнан 533 теңге. Басқа қалалар әлдеқайда артта қалды: Нұр-Сұлтан 246 теңге, Қарағандыда – 233 теңге.

Айта кететіні, Қазақстанның оңтүстігіндегі қалған ірі қалаларда қоқыс шығару құны орташа республикалық деңгейден арзан. Таразда ол адам басына шаққанда 94 теңгені құрайды — бұл республика бойынша орташа есептен екі есеге төмен.

Оңтүстікте табиғи газ қымбат

Қазақстан газ тұтыну бойынша нақты екі үлкен учаскеге бөлінеді. Табиғи республиканың батысы мен оңтүстігінде қолданылады. Мұнда ереже қисынды сипатқа ие — өндіруден алшақ болған сайын отын да қымбат.

Каспий теңізіне жанасатын облыстарда табиғи газдың 1 текше метрі 10 теңгеден кем, Оралда – 17 теңгеден астам. Оңтүстік-шығысқа қарай баға соғұрлым жоғары. Шымкент пен Түркістан көш басында – 32,47 теңге.

Бірақ есесіне оңтүстікте сұйытылған газ арзан – Талдықорғанда кг үшін 119,36 теңге. Одан алыстаған сайын соғұрлым қымбат. Петропавлда құны 180 теңгеден асады, Өскеменде — 182 теңге.

Атырауда ең арзан электр энергиясы

Атырауда ең арзан газ ғана емес, ең қолжетімді электр энергиясы да бар. Тіпті үшінші тариф бойынша (ең жоғары тұтыну кезінде) 100 кВТ құны 731 теңгені құрайды. Барынша үнемдеген күннің өзінде бірде-бір аймақта мұндай баға жоқ.

Ал 100 кВт электр энергиясы тұтынудың 1 деңгейінде 450 теңгеге жуық. Бұл осы қызметке ең жоғары тарифі бар Алматыға қарағанда төрт есе арзан.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз