Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-12
USD
496
-2.06
EUR
523
-2.87
RUB
4.94
-0.03

Коммуналдық қызметтер, отын және азық-түлік бағаларын реттеу – Тоқаевтың тапсырмалары

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі әлеуметтік-экономикалық ахуал мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы бірқатар қосымша тапсырма берді:

сұйытылған газдан басқа, бензин мен дизельге 180 күн мерзімге бағаларды мемлекеттік реттеу енгізілсін

  • Мұнай өнімдерінің (бензин, дизель, сұйытылған газ) бағасына мемлекеттік реттеуді 180 күнге  енгізу;
  • Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы бойынша мемлекеттік реттеуді енгізу. Шешімді нақты аймақтағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға қарай өңірлердің әкімдері қабылдайды;
  • “Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы” Заңды әзірлеуге кірісу;
  • Халық үшін 180 күнге коммуналдық тарифтерді көтеруге мораторий енгізу қажеттігін қарастыру;
  • Халықтың әлеуметтік жағдайы нашар топтары үшін нарықтағы баспананы жалға алу құнын субсидиялау мәселесін қарастыру;
  • Денсаулық сақтау және балалар мәселелерін шешу үшін “Қазақстан халқына” деп аталатын қоғамдық қор құру, оны мемлекеттік және жеке көздер арқылы қаржыландыру.
Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз