Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
6
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Көмірге талас: тұрғындарды тыныштандыруға полиция шақыртылды

Талғардағы базаға бар-жоғы бір вагон көмір жеткізілген. Сондықтан әр адамға 1 тоннадан артық сатылмайды. Жүргізушілер болса, өзара тізім жасаған. Оның мына қарақұрым адамның бәріне жетпейтінін ешкім ескермеген секілді.

“Жоғары жақта отырған шенеуніктерді  осы жерге кезекке қойып қою керек еді. Таңғы сағат 4- тен бастап мынадай суықта. Көретін ек, сол кезде ғана түсінеді. Әйтпесе былай түсінбейді”, – дейді Талғар қаласының тұрғыны Асқар Шүкірбеков.

Ал, Шамалған ауылындағы жағдай бұдан да сорақы. Төрт вагон көмірді үлгергендері алып, тып-типыл еткен. Қолы жетпей қағылғандар амалдың жоқтығынан жердегі қалдықты тиеп жатыр. Сөйтсе, бұл тапшылық қолдан жасалған болып шықты. Көмір орталығындағы пысықайлар қандай себеппен екені белгісіз, бір вагон көмірді тығып қойған.

https://kaz.365info.kz/amaldyn-zhogynan-bardym-komirsiz-khalgan-khazakh-ne-istegenin-ajtty-video-300090

“Бөліп-бөліп бермей ме елдің бәріне. Өңкей сыбайлас, таныстарына басып береді. 500 келіден болсын бөліп беру керек қой. Қолдан жасалған ғой. Біз сияқты байы жоқтар, мүсәпірлер жүрміз осы жерде темтеңдеп”, – дейді ашынған тұрғындар.

Әрекеттері әшкере болғаннан кейін, адамдардың бәлкім ашуынан ыққан болар, амалсыз сүрідей сақтаған көмірді үлестіретін болды. Бірақ, Алматының басқа аудандарында әлі де болсын тапшылық жойылмаған. Көмір үшін жанжал жалғасып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз