Балалар дәрігері Евгений Комаровский ukraina.ru порталына берген сұхбатында коронавирусты анықтауға тапсыратын тестілерге қатысты аса ыңғайсыз сұраққа жауап берді.
«Бұл сұрақтың жауабы мені ауырған адамның денесіндегі антиденелер санына қарағанда көбірек алаңдатады, —
деп жауап берді Комаровский —
Вирус жұқтырғаны анық байқалатын, коронавирустың клиникалық белгілері бар адамдардың тапсырған тесті теріс нәтиже көрсеткен жағдайларды жиі кездестіремін. Сондай-ақ жеке өзін білетін адамдар, пациенттерімде антиденелердің деңгейі жоғары екені анықталды. Бірақ олар аурудың ешқандай белгісінің болмағанын айтады. Ал басқа бір зертханаға барып тапсырған тестілері коронавирусты анықтамаған».
Журналист мәселе теастілердің сапасына қатысты шағыр деп жорамал жасады.
«Иә! Тестілер мен бензиннің жағдайы ұқсас секілді,
деді Комаровский. —
Коронавирусқа арналған тестілер табысты бизнес-модельге айналды. Бұл сынақтардың сапасын кім басқаратынын білмеймін…»