Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
6
USD
432
+2.31
EUR
506
+3.43
RUB
5.52
+0.10

Көліктің нөмірін шешіп алған полицейге 2 млн теңге айыппұл салынды

Бұл туралы Астана қалалық соттың баспасөз қызметі мәлім етті.

«Астана қаласындағы қылмыстық іздестіру бөлімінің инспекторы Ә. көліктің нөмірін шешіп алып, оны қайтару үшін ақша талап еткен. Алайда, жүргізуші ешқандай құқық бұзушылықсыз ақша талап еткен полицей туралы Астана қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасына арыз жазып, шағымданған. Астана қаласындағы №2 Алматы аудандық сотының үкімі бойынша инспектор Ә.-ға қатысты ҚР ҚК 366 бабы 2 бөлімімен қарастырылған құқық бұзушылық үшін оған 2 млн теңге көлемінде айыппұл салынды», – деп жазылған соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сондай-ақ, бұрынғы полиция қызметкері енді өмір бойы құқық қорғау органдары мен мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз