Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Көлік қақпаған: Алматыда ағаш түбіне тастап кеткен баланы туған әкесі ұрып тастаған (видео)

113

Бейнебақылау таспаларын тексере келе және жедел тексеру тобының көмегімен баланы өз әкесі таспен ұрғаны белгілі болды. Мұхамедтің жарақаты көлік қаққанға ұқсамайды.

Өзге де куәгерлерден жауап алынды. Таспаның бірінен әкесінің баласын қолынан ұстап кетіп бара жатқаны байқалады. Екінші таспада әкесінің ұлын адам жоқ жерге апара жатқаны, оның тәртібіне ашуланып басынан таспен ұрғаны байқалады.

Полицейлер оқиға орынан шөп пен дәл сол тасты тапты. Оқиға орнында ересек адамның болғаны анықталды.

Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, айғақ заттардың сараптамадан өтетінін айтты.

https://kaz.365info.kz/balalarynyn-kesiri-astanada-kelinshek-12-khabattan-khylap-ketti-325771

Баланың әкесі Мұрат Асқар-оғлы кінәсін мойындап, жаза өтеуге дайын екенін жеткізді.

«Мен таңертең арақ іштім. Балам менімен бірге жүргенде мазасызанып кетті. Тас алдым да, оны ұрып жібердім. Құлап қалғандықтан қорқып кеттім. Автобусқа отырып, жұмысқа бардым. Сол жерде жуындым. Полицейлерден, қазақстандықтардан кешірім сұраймын. Жазаны өтеуге дайынмын. Кешірім етуге лайық емеспін», – дейді әкесі.

Тергеу ісі толықтай қала прокуратурасының бақылауында. Ведомствода айтылғандай, оқиғаның әрбір қатысушысы, соның ішінде жалған куәгерлік берген қыздың ісі де заң бойынша қаралады. Жалған ақпарат бергені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Полицейлердің кәсіилігінің арқасында істің мән-жайы анықталып, күдікті ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, Алматыдағы Шығыс айналма автожолында белгісіз жүргізуші 5 жасар баланы қағып кетіп, оқиға орнынан із суытқан. Әлеуметтік  желілерде баланың отбасының таныстары хабарлағандай, жүргізуші баланы қағып кеткеннен кейін оны көрпеге орап, жолдың шетіне тастап кеткен. Бірнеше күн бойы жансақтау бөлімінде жатып,жасанды тыныс алу құрылғысына қосулы болған бала кеше есін жиып, бүгінде тамақ жеп, сөйлей бастады.

https://kaz.365info.kz/pozorit-etpesej-ylykhpan-zholdasovtyn-ersiz-videosy-zhelini-shulatty-video-325672

Анасы полицияның кінәлі жанды таба алмай жатқанын айтып,алматылықтардан көмек сұраған еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз