10 мамырда Жетісу облысы Кербұлақ ауданында ер адам Көксу өзенінен трос арқылы өтпек болып, орта жолда ағысқа ағып кеткен. Ол ешқандай қорғаныс құралдарынсыз өткелден өтпек болған.
Куәгер түсірген видеода ер адамның аяғын тростан босатып жіберіп, суға кеткен сәті көрінеді. Қазір іздеу жұмыстары жүріп жатыр. 1989 жылы туған азаматты іздеуге 98 адам, 22 техника, дрондар және жүзу құралдары тартылған.