Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Көкшетауда жыныс мүшесі жоқ қызға отандық дәрігерлер көмектесе алмай отыр

Үміт 3 рет Астанадағы ұлттық ғылыми орталықта жатқан. Уақыт өтіп жатыр, бала күннен-күнге өскен сайын ауруы жанына батуда.

«Бізді тек тексерді, бірақ ота жасау алмады. Бұл ота қиын, бала кішкентай, ол шыдай алмай қалуы мүмкін, дейді. Үміттің 1,4 жасында Канададан келген дәрігер ота жасаудан бас тартты. Ол өте қиын екенін айтты. Қазақстанда дәрігерлер бізден бас тартпайды, бірақ, ота жасай алмайды. Ал шет елдік емханаға кезекке тұру үшін, отандық дәрігерлер бізден бас тартуы керек», – дейді Зейнуллина.

Әйел шетелдік емханаларды сұрастырып, Израилге тоқтаған. Онда қызының отасына 10 мың доллар сұрайды. Ол өткен жылдың қазанынан бастап әлеуметтік желі арқылы ақша жинай бастаған. Қазірге дейін 7 мың доллар жиналған.

Италияда Үміттің патологиясындай ресейлік балаға жасалған ота сәтті аяқталған.

«Италияда балаға 2 рет ота жасатқан. Ол жақтағы ем өткен жылы 55 мың еуро тұрды. Мен ол жаққа электронды түрде хат жібердм. Жауабын күтіп отырмын», – дейді Үміттің анасы.

Үміт 2015 жылы мамырда туылды. Диагнозы – артерияның экстрофиясы, анус атрезиясы, қуықтың алдыңғы қабырғасы болмауы, оң бүйрек кішкентай жамбаста орналасқан, жатыры екі бөлікке бөлінген, олардың әрқайсысының бір түтікшесі бар, артқы тесігі (анус) пен қынабы жоқ, бел, сегізкөз аймағында ісік шығуда.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз