Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Көкшетауда тойға бара жатқан 4 адам жантүршігерлік жол апатына түсіп қаза болды

Оқиға орнында туыстарын жоқтап жатқан бұлар – джипте отырған адамдар. Олар сенбі күні екі көлік болып Солтүстік Қазақстанның Айыртау ауданына тойға бара жатыпты. Жол апаты көз алдарында болған. «Прадоның» 2 жолаушысы сол жерде тіл тартпай кетті. Ал оның тізгінінде болған азамат ауруханада көз жұмды. Бүгін ауруханада «Прадоның» тағы бір жолаушысы қайтыс болды. Қазір 5 адам жан сақтау бөлімінде жатыр. Олардың бірі – сәби.

«Барлығы жағдайлары өте қиын. Жарақаттары көп алған. Бәрі ем алып жатыр. Қажет болған науқастарға жедел операция жасалды», – дейді травматолог- дәрігер Мұратбек Бекмұхамбетов.

Ал «Деликада» болған жігіттердің біреуінің беті бері қарады.

«4 адам Астанаға кетіп бара жатыр едік. Қарсы жақтан екінші жолақта «Прадо» келе жатты. Аяқ астынан оның артынан басқа джип атып шықты да, бізге бетпе-бет келіп қалды. Оңға кетіп үлгермедік. Ар жағы есімде жоқ», – дейді зардап шегуші Рамазан Қаһаров.

«Деликадағы» 4 жігіт құрылысшылар екен. Солтүстік Қазақстанда көпір салып болып, Астанаға қайтып бара жатқан. Ал оларға қарсы келген джип Екібастұздан шығыпты. Ондағы қаза тапқан төртеудің екеуі – ерлі-зайыптылар.

Оқиға дәл мына жерде болған. Бұл – Көкшетаудан 10 шақырым қашықтықтағы жол. Бетпе-бет келіп соғысып, сау-тамтығы қалмаған көліктердің сынықтары мұнда әлі де шашылып жатыр. Болжам бойынша, жол апатына «Прадо» себепкер болған. Қаза тапқандардың бәрі де – осы жол талғамайтын көлікте отырған адамдар.

Жан сақтау бөліміндегі адамдардың екеуінің жағдайына дәрігерлер әлі де алаңдаулы. Қазір жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз