Көкшетауда Ақмола облыстық сотының апелляциялық-қылмыстық алқасының төрағасы Жанна Бардіқұлова өлі табылды.
Бұл туралы облыстық ІІД-ге сілтеме жасап, Tengrinews.kz хабарлады.
Бердіқұлованың мәйіті 13-маусымда табылған. Алдын ала болжам бойынша,
ол кісіні қылқындырып өлтірген. Бұған мойындағы қол іздері дәлел.
Жедел ұйымдастырылған іздестіру кезінде Көкшетау қаласының 1985 жылы туған ер адам ұсталды.
“Күдікті бірнеше рет істі болған, соның ішінде адам өлтіргені үшін де. Ол үшін 2006 жылы сотталған. Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы – “Адам өлтіру” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды”, – деп хабарлады Ақмола облысының ІІД өкілдері.
“Бүгін керемет адамнан айырылдық! Басты сөз – адам! Ол тамаша адам, тамаша әйел, отбасының сүйікті қызы… “Болған” деген сөзді жазу ауыр екен. Ал ол қандай судья еді. Ол біздің жұмысымыздың барлық қырын танитын. Ол еңбек жолын қатардағы қызметкерден бастады. Ол туралы өткен шақта жазған өте қиын… Оны жеке танитынмын… Ол үнемі жас судьяларға көмектесетін, БАҚ-қа сұхбат беріп жүрді…. Ал өткен съезде тамаша сөз сөйледі! Ол істі қарауды жеңілдету мәселесін көтерген! Небәрі 46 жаста еді! Өз ісіне жаны ашитын”, – деп жазыпты Жоғарғы сот судьясы Елена Максюта.
Әріптестерінің мәліметі бойынша, Жанна Бердіқұлова Алматыда жерленеді.