Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Көкшетау қаласындағы сауда үйі қасақана өртенген

35 адам сауда үйінен сыртқа шығарылып, әйтеуір ешкім зардап шеккен  жоқ.Саудагерлердің бақытына қарай, өрт ғимарат ішіне кірмепті. Ғимараттың шатыры  түгел жанып ,  сырты жартылай өртенген. Осы нысанды  ақпан айында арнайы қызметтер тексеріпті. Сол кезде 32 түрлі өрт қауіпсіздігін сақтамау  фактілері анықталған.  Бірақ, құтқарушылар бұл апат сырттан келген деп тұр.

“Өрттің нақты шығу себебі әзірге анықталып жатыр. Сараптама жасалғаннан кейін ғана айта аламыз. Әзірге белгілісі, тілсіз жау  сырттан келген. Біреудің қасақана өрт қоюуы мүмкін бе деген де жағдай қарастырылуда.Иә ,жоспарлы тексеріс ақпан айында өтті,бірақ барлық өрт қауіпсіздігінен жасалған ескерту уақытында орындалған болатын”, -деді Ақмола облыстық ТЖД бөлім бастығы Олег Малюк

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз