Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Кісі қолына қаратпасын деуші ем”. Өмір бойы мал баққан азамат балаларын іздейді

67 жастағы Рүстем Жакупов бүгіндері зейнетақы да, қандай да бір әлеуметтік ақы да алмайды. Оның 6 баласы бар: Маржан, Меруерт, Эльмира, Динара, Гүлмира және ұлы Ержан. Соңғы рет ол балаларын 9 жыл бұрын көріпті.

“2008 жылы үлкен қызым Маржан бірге тұрайық деп Алматыға шақырған, бірақ ол кезде  бас тарттым. Өйткені менде бәрі болатын: үйім де, жұмысым да, содан кейін ешкімге қолбайлау болғым келмеді. Қазір де ол Алматыда тұрады деп естимін. Сол кезде неге кетіп қалмадым екен деп өкінемін. Мен Алматыға барар едім, бірақ оларды қалай табамын? Не мекен-жайы, не телефон нөмірлері де жоқ.Балаларымды тауып, құшағыма алсам деймін”, – дейді Рүстем Пазылжанұлы.

2013 жылы ол кісі екі өкпесіне суық тигізіп алған, ол асқынып, жүрегіне шапқан. Кезекті инфарктан соң Рүстем Жакупов Қызыл жарты ай қоғамының ауруханасына келіп түскен. Аурухана қызметкерлері оның төлқұжаты таяу күндері дайын болатынын айтады. Алайда медбикелер мүгедектікті тіркету процесі ұзақ болатынын жасырмайды.

Дәрігердің айтуынша, Рүстем Жакуповқа емделіп, қарайтын адам керек. Оны Қарттар үйіне өткізе алмайды, өйткені туған балалары бар.

2017 жылы қаңтарда 25 жастағы астаналық қыздың өмірі БАҚ-қа мәлім болған еді. Ол құжаты болмағандықтан өмірі мектепке бармаған. Алқаш шешенің кесірінен оның туу туралы куәлігі де, жеке басын куәланадыратын құжаты да болмаған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз