Нұр-Сұлтан
Қазір
-11
Ертең
-1
USD
488
0.00
EUR
533
0.00
RUB
5.09
0.00

“Кімсің сонша?..”. Алматы облысында мектепке келген ата-ана мұғалімді сабап кетті

6-сыныптың баласы үйіне мұғалім ұрды деп шағымданып барған. Ал мәселенің ақ-қарасын анықтамаған жеткіншектің анасы мен әпкесі мектепке келіп, мұғалімді соққыға жыққан. Қазір таяқ жеген ұстаз Боралдайдағы ауруханада жатыр.

Дәрігердің айтуынша, жәбірленуші маман бас ми жарақатын алған. Тіпті белгісіз біреулердің әріптесін ұрып жатқанын көріп, көмекке келген екінші мұғалім де таяққа жығылған.

Ол қолын жарақаттап алған. Ал баланың ата-анасы түсінік беруден бас тартты. Ұстаздың әріптестері болса тәжірибелі маманның ерсі мінез көрсетуі мүмкін емес дейді.

“Дөрекі сөйлеу, қол көтеру мүмкін емес. Ол кісінің табиғатында ондай жағымсыз қылық жоқ. Ол мұғалімнің қолынан ондай нәрсе келмейді”, – дейді №15 Кенен Әзірбаев атындағы орта мектеп директорының орынбасары Арман Сүлейменова.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз