Бүгін Алматыда Қазыбек би мен Қалдаяқов көшелерінің қиылысында жылу құбыры жарылды. Zakon.kz сайтында жарияланған роликте 10 метр биіктікке атқылаған ыстық судың салдарынан автокөліктер зақымдалғаны байқалады.
Алматы жылуэнерго кешені және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы кәсіпорнының ресми өкілі Ян Гириннің мәлімдеуінше, құбыр жарылысы бүгін түстен кейін, шамамен, сағат 15:20-да, құбырларды гидравликалық сынақтан өткізу жұмысы барысында орын алған.
Айта кетелік, жарылған құбырдың диаметрі – 500 мм. Ал ыстық судың температурасы – 40-45 градус болған. Яғни, анау айтарлықтай қауіпті болмаған. Құбырдың іске қосылғанына 23 жыл болыпты.
Қазіргі сәтте оқиға орнында қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
.