АҚШ-ты жеңе алмасын түсінген дзюдошы Путин ойын ережесін өзгертуге мәжбүр. Дәстүрлі қарумен Американы ала алмасын ұқты, киберқаруға көшті. The Huffington Post шолушысы Майкл Розенблюмнің мақаласын түпнұсқасынан аударып бастық. Ол не дейді?
Ол түнде көз ілмеді. Төсегінде дөңбекши берді. “АҚШ-тың асып-тасып жатқан күш-қуаты мен абыройын қалай күл-талқан етсем” деп ойлады ол. Армандады. Қиялдады. Енді кешікпеуі тиіс. Енді аялдады екен, бітті, АҚШ тағы бір ғасыр әлемді билейтін болады.
https://kaz.365info.kz/dal-sol-kelmej-akh-khojsyn-putinnin-tagyna-kim-otyratynyn-bilesiz-be-275993
Қару-жарақ жағынан, қарулану жағынан АҚШ-тан асып түсе алмасын әлдеқашан ұққан. Басқа жолмен жүргенді жөн көрді. Киберқаруға көшті
Ноутбук құшақтаған, смартфон ұстаған миллион адам қолында бесатары бар миллион жауынгерге қарағанда қауіпті қазіргі күні.
Үшінші дүниежүзілік соғыста Напелонның дәуіріндегі ұзын-сонар дивизиялар болмайды. Иә, НАТО бұған дайын. Бұл соғыста Путин күл-талқан болып жеңілер еді. Ол мұны біледі. Ол киберқаруға көшкен. Мұндай соғысқа Америка дайын. бірақ. Ресей дайын.