Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
506
0.00
EUR
551
0.00
RUB
5.89
0.00

Киберқауіпсіздікті зерттейтін жаңа академия ашылды

112

Бұл туралы ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөзө қызметі хабарлады. Вице-министр Тимур Шәймергеновтың айтуынша, жаңа академияда киберқауіпсіздікке үйретеді. Осыған орай, әлемнің жетекші компанияларымен әріптестік байланыс орнату шаралары атқарылуда.

«Қазіргі кезде біз киберқауіпсіздік академиясын құру бойынша ұйымдастыру-құқықтық мәселелерді зерделеп жатырмыз. Осы жұмысқа мықты компаниялар тартылады. Олардың ішінде Түркия, Израиль және Ресей компаниялары бар. Академия мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде жұмыс істейтін болады», – деді ол ҚР Парламент Сенатында өткен жиында.

Оның айтуынша, биыл өнеркәсіптік киберқауіпсіздік бойынша ұлттық орталық құрылған болатын. Аталған құрылым Transtelecom-мен бірлесіп жасалды.

Оның негізгі мақсаты – стратегиялық маңызы бар нысандардың киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы орталықтың негізінде киберқауіпсіздік академиясы да жұмыс істейтін болады. Сол жерде жекеменшік және квазимемлекеттік салалар үшін кәсіби киберқауіпсіздік мамандарын даярлауға болады.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз