Алдыңғы жылғы Павлодар оқиғасынан кейін, Төреғали сахнаға шыға алмайтын халге жетіп, тыңдармандарының біраз бөлігін жоғалтып алған еді. Бірақ, жанкүйерлерінің көңілін қайтадан жаулап алған сияқты.
“Түңгі студия” бағдарламасына қонаққа келген әнші бірінші шапанын Нұрлан Қоянбаевқа сыйласа, кейіннен көкірекшесін тағы екінші жүргізушіге сыйлап кетеді.
Нұрлан Қоянбаевтың жүргізушіліне қарағанда, бағдарламаның шыққанына көп уақыт болғандығын байқаймыз.
Алайда, бұл видеоға оқырмандардың жазған пікірлерінен әншіге деген көзқарастарының жібігенін көру қиын емес. Көбісі дерлік “Жарайсың, Төреғали”, “Ақ көңіл сондай”, “Тамсанып тұрмын”, десе, кейбірі оның қызарыңқы бет әлпетіне мән беріп оның ішімдік ішіп алғандығын да жазуда.