Нұр-Сұлтан
Қазір
-14
Ертең
-12
USD
529
+1.71
EUR
540
-3.58
RUB
5.17
+0.01

Қызына ғашық қаскөй оның әке-шешесін өлтірген

Осы тұста күдіктінің қылмысынан кейінгі келесі әрекетіне қатысты екі нұсқа бар. Бірі — ізін суыту үшін үйді бірден өртеп жіберген, бірақ немен, қалай екені белгісіз. Екіншісі — газды ашып кетіп қалған. Талып қалған әжей есін жиып, жарықты қосқан кезде жарылған дейді көршілері. Сол түні үйдің ішінде зейнеткерлер бағып жүрген аурушаң бала болыпты.

«Қатты гүрсілден ояндым. Сыртқа шықсам, сол үйдегі аутизммен ауыратын баланың дауысын естідім. Дереу өртеніп жатқан үйге секіріп кіріп, баланы далаға шығардым. Оның жанында қария жатыр екен. Ұстап қарасам, қайтыс бопты. Сөйтіп, оның әйелін іздеуге көштім. Бірақ таба алмадым. Ал қызы сыртқа өзі шыққан екен», – дейді көршісі Евгений Круглов.

Өрт шыққан үйдегі басқа адамдардың тірі қалуының себебі: 200 шаршы метр аумақтағы баспанада төрт отбасы тұрады, бір-бірін тек қабырға бөліп тұр. Марқұм қарияның қызы да осында 46 жастағы көңілдесімен бірге тұрыпты. Алайда көршілері ата-анасы ол жігітпен қосылуына қарсы болғанын айтып отыр. Себебі, екеуі де жұмыс істемеген. Тек қариялардың зейнетақысына күн көріп жүрген.

«Ол жиі арақ ішетін. Сондықтан қыздың әкесі оған түбегейлі қарсы болды. Ұрыс-керіс жиі болатын. Ол: «мен Женяны өлердей сүйемін, онсыз өмір сүре алмаймын» дейтін. Тіпті сол үшін өзінің тамырын кескен. Женя да оны жақсы көретін», – дейді көршісі Татьяна Дьячкова.

Сүйген жарымен қосыла алмаған қаскөй өзіне кедергі болған қыздың ата-анасына осылай құтылмақ болған көрінеді. Бірақ қылмыс жасап жазадан сытылып кетемін деген ойы жүзеге аспады. Тәртіп сақшылары оны бір тәуліктің ішінде қолға түсірген. Махаббаты үшін қылмыс жасаған 46 жастағы қаскөйге қатысты адам өлтіру бабымен іс қозғалды. Ол енді 15 жыл немесе өмір бойына дейін түрмеде отыруы мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз