Баян Мақсатқызы қоғам неге шындықты қабылдауға дайын емес екенін айтты.
Ол бұл туралы кәсіпкер әрі блогер Бейбіт Әлібековке берген сұқбатында айтты.
„Біздің адамдар өмірін өтірік әдемі қып көрсеткісі келеді. Өйткені ұят қой. Бірақ адамның өмірі бірқалыпты болмайды, бұл табиғаттың заңдылығы, бәрібір адам басында проблема болады, оны шешуге біреудің шамасы жетеді, біреудікі жетпейді. Басы істейтін адам болады, басы істемейтіні де бар. Бірақ көбісі өз қалыптарын сол күйі қабылдай алмайды, қоғам оны қалай көргісі келеді, солай өмір сүре береді. Менің өмірім де сән-салтанатты, көркем деп айта алмаймын. Оны мен қалаған жоқпын, бірақ солай болды, неге екенін білмеймін. Басқа түскенін көреміз де, бірақ мен ел құсап, оны бүркемелеп, өз өмірім үшін ұялғым келмейді. Қалай бар, солай қабылдаймын. Кітабымды да сол қалпында жазып шықтым„ – дейді Баян.
– Мен таза альтурист емеспін ғой. Әрине, коммерциялық мүдде болды. Менің өмірімді талқылауға қызығушылық көп екен, неге оны да пайдаланбасқа?.. Дегенмен, кітабым – ең бірінші кезекте қоғамға берген менің жауабым бұл.
Сұқбат кезінде Баян Мақсатқызы темекі шегетінін мойындап қалды.
– Үндемесем, демек келіскенім ғой. Бірақ бізде ұят нәрселерді айтуға болмайды. Алайда ол орын алып жатады. Мысалы, мен көп тоқалдарды білемін. Оны бәрі біледі, бірақ қоғам оны дұрыс қабылдайды. Бұл қоғамдағы қалыпты жағдайға айналып барады. Мысалы, мен оған келіспес едім. Басымнан аяғыма дейін ақшама көміп тастаса да…
– Мені мүсіркеудің де, мені жек көрудің де қажеті жоқ. Өйткені тағдыр мені қажетті деңгейде жазалады деп ойлаймын. „Оған бұл аз„ деп айтатындар, қайдан білсін менің не көргенімді. Мұны ешкімнің басына бермесін. Бұл – менің өмірім, бұл – менің сабағым, бұл – менің сынағым.
Менің бір өкінішім бар. Ол – көп бала тумағынымда. Көп бала тууыма мүмкіндік болды, бірақ оны мен пайдалана алмадым. Сол үшін қатты өкінем.
Мысалы, қазір менің екі емес, төрт қызым болса, қазіргіден де әлдеқайда бақытты болар едім. Үлкенім алыста, оны сағынып жүрмін, құшақтап, еркелеткім келеді. Кішім де есейіп қалды. Бақыт деген балада ғой негізі…
Егер тағдыр мені мәжбүрлесе немесе өмірдің ағыны мені сондай таңдауға әкеліп соқса, онда мен баланы асырап алар едім. Әзірге, ол туралы ойлап көрмеппін…
… Мысалы, менің қызым қытайлықты, немісті, французды немесе қазақты сүйіп қалса, онда мен махаббатқа жақтасар едім. Мен ешқашан ешқандай ақша үшін тоқал болмаймын”, – деді Баян Мақсатқызы.