Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
15
USD
482
0.00
EUR
532
0.00
RUB
5.07
0.00

Қызылордада жолаушылар автобусының жүргізушісі масаң күйіде көлік жүргізген

144

«Түркістан-Ташкент» халықаралық автобус бағыты ашылды Автобус жүргізушісі Қазалы мен Арал ауданының Қаратерең елді мекені арасында жолаушылар тасымалдап келген. Масаң күйде көлік басқарған ол Қазақстан Республикасы әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 608-бабымен жауапқа тартылды.

«Желтоқсан айының алғашқы онкүндігінде облыс көлемінде «Автобус» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Аталмыш шара нәтижесінде жол-қозғалысы ережесін бұзудың 566 дерегі анықталды.

Мұндай ереже бұзуда жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзу, заңсыз қайта жабдықтау, міндетті техникалық тексеруден өтпеу, белгіленген жылдамдық мөлшерін арттыру секілді кемшіліктер орын алғаны белгілі болды. Оларға әкімшілік хаттама толтырылды», – деп жазылған Қызылорда облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сондай-ақ, Қызылорда қаласында бұдан бұрын жеңіл көлік пен автобус соқтығысып қалған еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз