Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Қызылордада мемлекеттік қызмет туралы заңды бұзғандар жауапкершілікке тартылды

148

Түскен арызға сәйкес, Қызылорда облысының қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізілді.
Тексеру барысында Қызылорда облысының қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті тарапынан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21-ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларының нормалары сақталмағандығы анықталды.

Қызылорда облысының қоғамдық денсаулықты сақтау департаментімен конкурстық рәсімді дұрыс өткізбеу салдарынан мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы өткізілген ішкі конкурсқа құжат тапсырған үміткердің конституциялық құқықтарының бұзылуына жол берілген.
Жоспардан тыс тексеру қорытындысымен Қызылорда облысының қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті басшысының орынбасарына, 2 бас маманына және Қызылорда қалалық қоғамдық денсаулықты сақтау басқарманың басшысына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар рәсімделіп, Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен лауазымды тұлғалар кінәлі деп танылды және 101 мыңнан астам теңге әкімшілік айыппұл бюджетке төленді.

Алдағы уақытта да азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылмауы департаменттің қатаң бақылауында болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз