Қызылорда облысындағы Белкөл станциясында төтенше жағдай орын алып, бір адам мерт болды.
Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Төтенше оқиға Белкөл станциясындағы теміржолда орын алған. 20-қазанда шамамен таңғы сағат 08:19-да «Белкөл» станциясында Қызылорда қаласының тұрғыны 40 жастағы азаматты жүк пойызы қағып кетті. Тексеру кезінде қаза тапқан адамның құлаққап киіп, ән тыңдап келе жатып, теміржолды қиып өтпек болғаны белгілі болды. Қатты музыкаға еліткен адам өзіне жақындаған пойызды аңғармаған.
Осыған байланысты жергілікті полиция өңірдің барлық тұрғындарын темiр жол өткелдерiнен өткенде сергек, абай болуын сұрайды.